Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Басты бет / Жаңалықтар / «Бейбарыс сұлтан: Мәмлүк мемлекетінің жандануы мен өркендеуінің бастауы» көрмесі
«Бейбарыс сұлтан: Мәмлүк мемлекетінің жандануы мен өркендеуінің бастауы» көрмесі
18-04-2023

Бүгін сағат 16:00-де Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Бейбарыс сұлтанның 800 жылдығы аясында «Бейбарыс сұлтан: Мәмлүк мемлекетінің жандануы мен өркендеуінің бастауы» атты фото және архив құжаттарының көрмесі өтеді. Көрменің ұйымдастырушысы ҚР Ұлттық музейі және ҚР Ұлттық архиві.

Көрменің мақсаты – Мысыр мен Шам жерінде билік құрған қыпшақ Бейбарыс сұлтанның билік еткен жылдардағы сәулет өнерінің қалыптасу тарихы, оның ислам өркениетінің дамуына қосқан үлесін көрсету.

Бейбарыс Сұлтан 1223 жылы Дешті-Қыпшақта (Қыпшақ даласы) дүниеге келген. Бейбарыс 1260 жылдан 1277 жылға дейін тақта 17 жыл отырады. Бейбарыстың ел билеген жылдарында Мысыр қуатты мемлекетке айналып, Шам жерінде Иранның моңғол елхандары мен еуропалық кресшілеріне қарсы сәтті соғыстар жүргізді. 1260 жылы Айн Жалұт шайқасында моңғол ханы Хулагу әскерінің бетін қайтарып, оны талқандайды. Осылайша, ол ислам әлемін сырттан келген жаулаушылардан қорғап қалады. Ол Алтын Орда ханы Беркемен жақсы қарым-қатынаста болып, екі ел арасындағы дипломатиялық байланыстың күшеюіне ықпал етеді.

Сұлтан Бейбарыстың сәулетшілік саласында қалдырған ізі орасан зор. Ол басып алған не қайтарып алған елді мекендер мен қалаларда кем дегенде бір мешіттен салдырып отырған.

ХІV ғасырдағы мұсылман тарихшысы әл-Мақризи: «Қорытып айтқанда, Бейбарыс Исламның ең ұлы патшасы» деп жазады. Оның билеген жылдары араб елдерінде ғылым-білім, мәдениет, әдебиет, сәулет өнері ерекше қарқынмен дамыды. Ірі қалаларда мешіттер мен медреселер, сарайлар, сауда орындары бой көтереді. Ол 1277 жылы қайтыс болып, оның сүйегі Дамаск қаласындағы Баб-әл-Барид зиратына қойылады.

Бұл тақырыптық көрмеде Дешті-қыпшақ жерінде туылып, сонау Шам жерінде құлдыққа сатылған, кейін Мысыр жерінде билікке келген әйгілі бабамыз Бейбарыс Сұлтанның сәулет өнеріне қатысты материалдарына орын беріледі.

Көрменің екінші бөліміне белгілі арабтанушы ғалым Қайрат Сәкидің жеке қорында сақталған құжаттар мен архив материалдары қойылады.

Басқа жаңалықтар
13-10-2026
Қазақстан әдебиеті Германиядағы ірі кітап жәрмеңкесінде таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында Frankfurter Buchmesse 2026 халықаралық кітап жәрмеңкесі өтті. Қазақстанның ұлттық стендінде 15-тен астам отандық баспаның 300-ге жуық кітабы ұсынылды. Жәрмеңкеге 30-дан астам қазақстандық баспагерлер мен әдебиет саласының өкілі қатысты.
09-10-2026
Франкфурттегі кітап жәрмеңкесінде 300-ге жуық қазақстандық кітап таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында «Frankfurter Buchmesse 2026» 78-ші халықаралық кітап жәрмеңкесі өтіп жатыр. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жәрмеңкеде үшінші жыл қатарынан Қазақстанның ұлттық стенді ұйымдастырылды.
29-09-2026
ҚазҰУ студенттеріне Ұлттық мемлекеттік кітап палатасында арнайы шеберлік сағаты өткізілді
29-09-2026
«Жылдың 10 оқырманы» жобасының жеңімпаздарына 10 млн теңгеден беріледі
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Жылдың 10 оқырманы» республикалық жобасына арналған брифинг өтті.
07-09-2026
Қазақстан халықаралық кітап байқауында тоғыз жүлделі орынға ие болды
Қазақстандық баспалар ұсынған кітаптар Минск қаласында өткен XXIII «Искусство книги – 2026» халықаралық байқауында тоғыз жүлделі орынды иеленді. Байқау нәтижесі бойынша отандық авторлардың кітаптары екі бірінші, төрт екінші және үш үшінші орынды иеленді.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2026 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ