Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Басты бет / Жаңалықтар / Астанада Eurasian Book Fair-2023 Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі басталды
Астанада Eurasian Book Fair-2023 Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі басталды
19-04-2023

«Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен EXPO халықаралық көрме орталығында өтіп жатқан Eurasian Book Fair-2023 Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесіне бардым», - деп жазды, ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов.

Жәрмеңкені аралап, қонақтармен, жазушылар мен зиялы қауым өкілдерімен кездестім деген ол: «Дәстүрге айналған ауқымды іс-шара осымен алтыншы рет өткізіліп отыр. Жәрмеңкеге қатысу үшін елордаға 40-қа жуық елден баспа ісі және кітап бизнесінің өкілдері, жазушылар мен кітапсүйер оқырман жиналды», - дейді.

«Аталған іс-шара еліміздің кітап ісі саласының кәсіпкерлеріне жаңа серіктестер табуға, авторлар үшін жаңа аудитория жинауға жақсы мүмкіндік. Оқырмандар үшін кітапсүйер қауыммен әдеби ұсыныстарымен бөлісіп, әртүрлі шеберлік сабақтарына қатысуға, жаңа кітаптармен танысып, қолтаңба сессиялары мен дәрістерге қатысудың таптырмас алаңы.

Мәдениет және спорт министрлігі түрлі жанрдағы кітаптар басып шығару, мемлекеттік кітапханалардың қорын толықтыру, жас жазушылар мен ақындардың конкурстарын өткізу, әдеби фестивальдар мен форумдар ұйымдастыру сынды осы бағытта аянбай еңбек етіп жатыр.

Мысалы, «Жаңа қазақ әдебиеті» жобасы аясында, тек 2022 жылы ғана ҚР МСМ қолдауымен 506 мың дана тиражбен 188 жаңа кітап жарық көрді. Ал, биыл тұңғыш рет қаламгерлерге ел Президентінің әдеби сыйлығы табысталатын болады.

Eurasian Book Fair 23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне дейін жалғасады. Елорданың барлық тұрғындары мен қонақтарын осы маңызды оқиғамен құттықтаймын. Біз осындай іс-шараларды одан әрі қолдауды жоспарлап отырмыз. Оларды тек Астанада ғана емес, Қазақстанның басқа өңірлерінде де өткізетін боламыз», - деді министр.

Басқа жаңалықтар
13-10-2026
Қазақстан әдебиеті Германиядағы ірі кітап жәрмеңкесінде таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында Frankfurter Buchmesse 2026 халықаралық кітап жәрмеңкесі өтті. Қазақстанның ұлттық стендінде 15-тен астам отандық баспаның 300-ге жуық кітабы ұсынылды. Жәрмеңкеге 30-дан астам қазақстандық баспагерлер мен әдебиет саласының өкілі қатысты.
09-10-2026
Франкфурттегі кітап жәрмеңкесінде 300-ге жуық қазақстандық кітап таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында «Frankfurter Buchmesse 2026» 78-ші халықаралық кітап жәрмеңкесі өтіп жатыр. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жәрмеңкеде үшінші жыл қатарынан Қазақстанның ұлттық стенді ұйымдастырылды.
29-09-2026
ҚазҰУ студенттеріне Ұлттық мемлекеттік кітап палатасында арнайы шеберлік сағаты өткізілді
29-09-2026
«Жылдың 10 оқырманы» жобасының жеңімпаздарына 10 млн теңгеден беріледі
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Жылдың 10 оқырманы» республикалық жобасына арналған брифинг өтті.
07-09-2026
Қазақстан халықаралық кітап байқауында тоғыз жүлделі орынға ие болды
Қазақстандық баспалар ұсынған кітаптар Минск қаласында өткен XXIII «Искусство книги – 2026» халықаралық байқауында тоғыз жүлделі орынды иеленді. Байқау нәтижесі бойынша отандық авторлардың кітаптары екі бірінші, төрт екінші және үш үшінші орынды иеленді.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2026 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ