Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады
21-04-2023

ҚР Президенті ел тұрғындарын Ораза айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Қадірлі отандастар!

Баршаңызды Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – күллі мұсылман қауымының ұлық мейрамы.

Ораза ұстаған жамағат осы мерекені асыға күтеді. Алыс-жақын ағайын бір-бірінің үйіне барып, жылы лебізін білдіреді. Халқымыздың ынтымағы нығайып, бірлігі беки түседі.

Ислам – имандылықты, бейбітшілікті, мейірімділікті дәріптейтін асыл дін. Осы игі құндылықтар елдің амандығы мен берекесін тілейтін ұлтымыздың салт-дәстүрімен біте қайнасып жатыр. Сондықтан бұл – бір шаңырақта тату-тәтті өмір сүріп жатқан барша жұртымыз үшін қадірлі ұғымдар.

Ораза айт – елдігімізді еселейтін мереке. Біз мемлекетіміздің жарқын болашағы үшін қоғамдағы бірлік пен келісімді одан әрі нығайта береміз.

Еліміздің әр шаңырағы бақыт пен қуанышқа бөленсін!

Халқымыздың ырысы мен ынтымағы арта берсін!

Айт қабыл болсын, ағайын!

Басқа жаңалықтар
20-02-2026
Қазақ әдебиеті ЗИЯЛЫ
Қазақ ұғымында көшелі істің басында жүріп, елдің тағдыршешті жұмыстарына ешкімнің нұсқауынсыз білек сыбана кірісер азаматтар «зиялы» деп танылады. Кейінгі кездері осы анықтама көп кісінің атына тіркесіп жүр. Лайым, қоғамда зиялы адамдар көп болғай. Ал, шындығында, шын зиялылар кім?!. Көзіміз көріп, еңбегін бағып жүрген бір шоғыр азаматтарды танимыз, білеміз, биіктігі мен ірілігіне сүйсінеміз  ​​​​​​​
19-02-2026
«Кітап және кітапхана ісі туралы заң»
Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы ғимаратында отандық баспалар мен кітапхана ісі мамандарының қатысуымен «Кітап және кітапхана ісі туралы заң» тақырыбында маңызды жиын өтті.
10-02-2026
«Конституциялық реформа – құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамды дамытудың негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға Баспагерлер, полиграфистер және кітап таратушылар ассоциациясы мүшелері, баспагерлер мен кітап саласының мамандары қатысты. Кездесудің басты мақсаты – елімізде ұсынылып отырған конституциялық өзгерістердің құқықтық мемлекет қалыптастырудағы рөлін талқылау және бұл реформалардың азаматтық қоғам мен шығармашылық-интеллектуалдық салаларға ықпалын саралау болды. Дөңгелек үстел аясында Салменбаева Толқын Тұрғалиқызы, ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы директор орынбасары, «Конституциялық өзгерістер» тақырыбында баяндама жасап, ұсынылып отырған жаңашылдықтардың құқықтық орта мен салалық қызметке әсері туралы жан-жақты тоқталды.
09-02-2026
Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына орай ҚазҰу журналистика факультеті студенттерімен “QUIZ”ойыны өтті
Ұйымдастырылған QUIZ ойыны — ақын мұрасын ұлықтауға, жас ұрпақтың поэзияға деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталған мазмұнды зияткерлік шара болды. Іс-шара барысында “Баспа ісі” мамандығында білім алушыларға ҚР Ұлттық кітап палатасына жұмысқа орналасу бойынша толық ақпарат берілді.
01-02-2026
Қазақстандағы конституциялық өзгерістер: университет қауымдастығының ұстанымы
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2026 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы