Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Басты бет / Жаңалықтар / Бішкекте «Айтматовтың ізімен» атты кітап көрмесі өтіп жатыр
Бішкекте «Айтматовтың ізімен» атты кітап көрмесі өтіп жатыр
27-04-2023

Бүгін Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Халықаралық кітап және авторлық құқық күніне арналған кітап көрмесі басталды. Бұл көрме әлемге танымал жазушы Шыңғыс Айматовтың 95 жылдық мерейтойын орай «Айтматовтың ізімен» деп аталды.

Шараның ашылу салтанатында Қырғыз Респуликасының мәдениет, ақпарат, спор және жастар саясаты министрінің бірінші орынбасары сөз сөйледі. Сондай-ақ, шара басында Қытай, Ресей, Өзбекстан және Қазақстаннан келген құрметті қонақтарға сөз берілді. Бұл жиында Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының директоры Әділ Қойтанов сөз алып, көрмеге келушілерді кітап мерекесімен және заңғар жазушының 95 жылдық меретойымен құттықтады. Ол өз сөзінде: «Бүгін сіздердің орталарыңызға келіп, көрмеге қатысып отырғаныма қуаныштымын! Халықаралық кітап авторлық құқық күніне арналған игі шараның «Шыңғыс Айтматовтың ізімен» деп аталуы, баршамызға көп нәрседен хабар беретіні шындық. Сондықтан, бүгінгі руханият тойын, «Адамзаттың Айтматовы» атанған аңыз қаламгердің 95 жылдық мерейтойын біздің де тойымыз деп есептеймін.

Кітап саласы – машақаты көп іс болғанымен, ұлт үшін берері мол, елдің елдігін, руханияты мен ұлттық ұстанымын көрсететін шексіз сала. Ежелден бауырлас, діні мен ділі бір, салт-дәстүрі бен тілі ұқсас қос халық бұл бағытта да тығыз қарым-қатынас орнатып келеді. Мәселен, былтыр Алматы қаласында өткен «Алматы кітап жәрмеңкесіне», сосын халықаралық «Ұлы Жібек жолымен» көрмесіне Қырғыз Республикасының мемлекеттік кітап палатасы қатысып, бауырлас елдің қазіргі кітап шығару ісін баршамызға паш еткен болатын. Ортақ істі ілгерілету мақсатында, Қазақстан Республиксы Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы мен Қырғыз Республикасының кітап палатасы бірлескен меморандумға қол қойды. Демек, алдағы уақытта бірлесіп атқаратын іс аз емес» - деп атап өтті.

Сондай-ақ, Әділ Қаженбайұлы сахнада тұрып былтыр Алматы қаласында өткен «Ұлы Жібек жолымен» кітап көрмесінде балалар әдебиеті бойынша гран при иеленген қырғыз баспасына жүлдесін табыс етті.

Көрмеге қазақстандық баспалардан жарық көрген кітаптар қойылды. Жәрмеңкеге келшуілер отандық баспа өнімдеріне қатты қызығушылық тантты. Әсіресе, Абай мен Олжас Сүлейменовтың кітабын сұраушылар көп болды.

Көрме барысында жан-жақтан келген қонақтар түрлі кездесулер ұйымдастырылды. Баспа саласының білгірлері кітап ісі саласы бойынша түрлі тақырыптарда пікір алмасты.

Бішкектегі «Айтматовтың ізімен» атты кітап көрмесі екі күнге жалғасады.


 

Басқа жаңалықтар
13-10-2026
Қазақстан әдебиеті Германиядағы ірі кітап жәрмеңкесінде таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында Frankfurter Buchmesse 2026 халықаралық кітап жәрмеңкесі өтті. Қазақстанның ұлттық стендінде 15-тен астам отандық баспаның 300-ге жуық кітабы ұсынылды. Жәрмеңкеге 30-дан астам қазақстандық баспагерлер мен әдебиет саласының өкілі қатысты.
09-10-2026
Франкфурттегі кітап жәрмеңкесінде 300-ге жуық қазақстандық кітап таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында «Frankfurter Buchmesse 2026» 78-ші халықаралық кітап жәрмеңкесі өтіп жатыр. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жәрмеңкеде үшінші жыл қатарынан Қазақстанның ұлттық стенді ұйымдастырылды.
29-09-2026
ҚазҰУ студенттеріне Ұлттық мемлекеттік кітап палатасында арнайы шеберлік сағаты өткізілді
29-09-2026
«Жылдың 10 оқырманы» жобасының жеңімпаздарына 10 млн теңгеден беріледі
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Жылдың 10 оқырманы» республикалық жобасына арналған брифинг өтті.
07-09-2026
Қазақстан халықаралық кітап байқауында тоғыз жүлделі орынға ие болды
Қазақстандық баспалар ұсынған кітаптар Минск қаласында өткен XXIII «Искусство книги – 2026» халықаралық байқауында тоғыз жүлделі орынды иеленді. Байқау нәтижесі бойынша отандық авторлардың кітаптары екі бірінші, төрт екінші және үш үшінші орынды иеленді.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2026 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ