Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Басты бет / Жаңалықтар / Бішкектегі кітап көрмесінің екінші күні
Бішкектегі кітап көрмесінің екінші күні
28-04-2023

Қырғызстан астанасы Бішкек қаласындағы «Айтматовтың ізімен» атты кітап көрмесінің бүгін екінші күні өтіп жатыр. Бүгін А.Осмонов атындағы ұлттық кітапханада «Ш. Айтматов және билингвизм» тақырыбында жан жақтан келген қонақтар мен ғалымдардың қатысуымен конференция өтті.

Жиын барысында сөз алған Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының директоры Әділ Қойтанов сөз сөйледі. Ол өз сөзінде: «Екі тілде еркін ойлап, еркін жаза білу кез келген жазушының тәлейіне бұйыра бермейтін бақ. Ұлы тұлғалардың бойынан табылатын осындай дара қасиет әрқашан өнерді өрге сүйреп тұратыны ақиқат. Демек, екі ананы тел емгендей екі тілде еркін жазу өнерін – шығармашылықтың биік шыңы деп айтуға негіз бар», - деді.

Айта кетейік, кітапхана ішінде Абай атындағы қырғыз-қазақ мәдени орталығы бар. Әділ Қаженбайұлы жиыннан соң А.Осмонов атындағы ұлттық кітапхана басшылығымен жолығып, қазақстандық баспа өнімдерін кітапханаға тарту етті.

Одан кейін, құрметті қонақтар Шыңғыс Айтматовтың музей үйіне барып, аралап шықты. Бұл жерде заңғар жазушының бүкіл өмірінtн сыр шертетін талай құнды жәдігерлер бар. Ал екі күндік шараның қорытындысында қонақтар Шыңғыс Айтматовтың жатқан жеріне барып, ұлы қаламгердің рухына құран бағыштады. 


Естеріңізге салайық, Бішкек қаласындағы Халықаралық кітап және авторлық құқық күніне арналған «Айтматовтың ізімен» атты кітап көрмесі кеше басталған болатын. Оған Қытай, Ресей, Өзбекстан мен Қазақстан келген өкілдер қатысып жатыр. Биылғы шара заңғар жазушы Шыңғыс Айматовтың 95 жылдық мерейтойына арналған.


Басқа жаңалықтар
10-08-2026
«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына өтінім қабылдау жалғасып жатыр.
Бұл – қазақ әдебиетінің дамуына үлес қосып жүрген талантты авторлардың шығармашылығын қолдауға және үздік туындыларды дәріптеуге бағытталған маңызды жоба.
28-07-2026
XXIII халықаралық «Искусство книги» байқауына 23–24 шілде аралығында Минск қаласында ТМД елдерінің кітап ісі саласындағы арнайы номинациялар бойынша дауыс беру кезеңі өтті.
Аталған кезеңде қатысушы мемлекеттер ұсынған басылымдар әділ қазылар тарапынан жан-жақты қаралып, әр номинация бойынша үздік жұмыстарды анықтау мақсатында дауыс беру рәсімі жүргізілді
28-07-2026
2026 жылғы 22–24 шілде аралығында Беларусь Республикасының Минск қаласында дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Искусство книги» халықаралық байқауы өтті.
Іссапар аясында Асхат Құсайынұлы Беларусь Республикасының кітап ісі мен баспа саласының қызметімен жан-жақты танысты. Сонымен қатар Ұлттық Беларусь кітапханасы мен Беларусь Кітап палатасында болып, мекемелердің негізгі бағыттары, құжаттарды сақтау және ғылыми-библиографиялық жұмыстарымен танысты.
01-07-2026
ҰЛТТЫҚ КІТАП ПАЛАТАСЫНА ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ АТЫНАН ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫҢ АРНАЙЫ БАСЫЛЫМЫ ТАБЫСТАЛДЫ
 Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасына Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атынан еліміздің жаңа Конституциясының арнайы басылымы салтанатты түрде табысталды.
30-06-2026
ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖӘНЕ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы» республикалық мемлекеттік мекемесі мен «М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі арасында ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойылды.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2026 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ