Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Басты бет / Жаңалықтар / «Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті. 
«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті. 
13-10-2023
Бүгін, Алматыда «Аманат» партиясы мен «Қазақстан баспагерлер, полиграфистер және кітап таратушылар ассоциациясының» бірлескен жобасы «Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті. 
Кеш соңы жастар тарапынан қойылған түрлі сұрақ-жауап пен қызықты пікірталасқа ұласты. 92 студент меценаттар тағайындаған 5 мың теңгелік сертификаттарға 500 мың теңгеге жуық соманың түрлі кітаптарын тегін алса, өздерін қызықтырған кітаптарды да қосымша сатып алған оқырман осылай кітап оқудың жаңа бір үлгісін жасады. 
Бұл үрдіс бұдан да былай жалғасын табары сөзсіз. Жақын арада осы жерде тағы бір кітаптың тұсаукесер рәсімін белгілеп отырған орталық «Кітапсүйерлер клубын» ашуды да жоспарлап отырғандарын тілге тиек етті. 
Енді жақын күндерде еліміздің барлық облыс орталықтарынан ашылатын «Кітап-Аманат»-тың дүкендерінде де осындай игілікті шара үздіксіз жалғаса береді деп үміттенеміз.
Мемлекет басшысының идеясын негізге алған партия басшылығымен бірлескен Қазақстан баспагерлер, полиграфистер және кітап таратушылар ассоциациясының мамандары, еліміз тәуелсіздік алған соңғы 30 жыл ішінде әбден күйреуге түскен кітап оқу мен кітап тарату ісін осылай қайта жандандырмақ ниетте. Еліміздің барлық облыстарында, аудандарында «Аманат» партиясының қолдауымен, жергілікті партия ғимараттарынан аталмыш кітап дүкендерін ашып қана қоймай, кітап оқуды насихаттау жұмысын да жүйелі түрде бастап кетті. 
Кезінде, әлемдегі кітапты ең көп оқитын мемлекеттер қатарынан құлдырай келе соңғы 30 жылдағы жеткен «жетістігіміз» қазіргі таңда Қазақстанның 166 аудан орталықтарының бірде-бірінде кітап дүкендері жоқ деген сорақы мәліметтің соңы осындай игілікті істермен қайта жолға қойылмақ.  
Бұл дегеніміз бір реттік қана өткізіліп қоятын науқандық іс-шара емес, халыққа, руханиятқа, әдебиетке, ұлттық идеологияға тікелей қызмет ететін және қазақ тіліндегі контентті толтыруға негізделген ауқымды жоба екенін есте ұстайық. 
Олай болса бір-бірімізге гүл орнына мәңгі өлмейтін кітап сыйлауды да үйренсек...

Басқа жаңалықтар
13-10-2026
Қазақстан әдебиеті Германиядағы ірі кітап жәрмеңкесінде таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында Frankfurter Buchmesse 2026 халықаралық кітап жәрмеңкесі өтті. Қазақстанның ұлттық стендінде 15-тен астам отандық баспаның 300-ге жуық кітабы ұсынылды. Жәрмеңкеге 30-дан астам қазақстандық баспагерлер мен әдебиет саласының өкілі қатысты.
09-10-2026
Франкфурттегі кітап жәрмеңкесінде 300-ге жуық қазақстандық кітап таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында «Frankfurter Buchmesse 2026» 78-ші халықаралық кітап жәрмеңкесі өтіп жатыр. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жәрмеңкеде үшінші жыл қатарынан Қазақстанның ұлттық стенді ұйымдастырылды.
29-09-2026
ҚазҰУ студенттеріне Ұлттық мемлекеттік кітап палатасында арнайы шеберлік сағаты өткізілді
29-09-2026
«Жылдың 10 оқырманы» жобасының жеңімпаздарына 10 млн теңгеден беріледі
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Жылдың 10 оқырманы» республикалық жобасына арналған брифинг өтті.
07-09-2026
Қазақстан халықаралық кітап байқауында тоғыз жүлделі орынға ие болды
Қазақстандық баспалар ұсынған кітаптар Минск қаласында өткен XXIII «Искусство книги – 2026» халықаралық байқауында тоғыз жүлделі орынды иеленді. Байқау нәтижесі бойынша отандық авторлардың кітаптары екі бірінші, төрт екінші және үш үшінші орынды иеленді.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2026 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ