Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / Бүгін, Алматыда «Атакент» Қазақстан іскерлік ынтымақтастық орталығында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Атакент-Экспо»
Бүгін, Алматыда «Атакент» Қазақстан іскерлік ынтымақтастық орталығында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Атакент-Экспо»
22-11-2023
Бүгін, Алматыда «Атакент» Қазақстан іскерлік ынтымақтастық орталығында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Атакент-Экспо» Халықаралық көрме компаниясы мен Қазақстан Республикасы Кітап палатасы, Қазақстанның Баспагерлер, полиграфисттер және кітап таратушылар қауымдастығының, «Ұлы Жібек Жолымен–2023» ХI Халықаралық кітап және полиграфия жәрмеңкесінің тұсауы кесілді. 
Салтанатты жиынның ашылуында ҚР Мәдениет және ақпарат Вице-министрі Жүдебаев Арман Әділханұлы, 
ҚР Жазушылар одағы Басқарма төрағасының 1 ші орынбасары Нұржан Қуантайұлы, Алматы қаласындағы ҚХР Бас консулы Цзян Вэй ханым, Мәскеу қаласының сыртқы экономикалық және халықаралық байланыстар басқармасы бастығының орынбасары Ткач Игорь Поикарповичтер сөз сөйлеп көрмеге сәттілік тіледі.

   
Сондай-ақ, көрмеге Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан елдерінің жетекші баспалары, полиграфиялық компаниялары мен кітапханалары, Тәжікстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Баспа және полиграфия басқармасы, Түркия Республикасының Бас консулы, КХР Бас консулы, Иран Ислам Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы кітапханалық және баспа-полиграфиялық салаларының болашағы мен өзекті мәселелерін талқылауға, іскерлік және кәсіби байланыстарды кеңейтуге және тәжірибе алмасуға жиналғандықтарын сөз етті.

Биылғы жылы «Ұлы Жібек жолы - 2023» ХІ Халықаралық кітап және полиграфия көрмесінің құрметті қонағы Мәскеу қаласынан келген өкілдер де өз ойларын ортаға сала отырып шара барысында сөз сөйлеп, Мәскеу үкіметінің «Книга Москва» баспа бағдарламасының медиа-экспозициясын ұсынса, ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы директорының орынбасары белгілі ақын Маралтай Райымбекұлы Кітап атты өлеңін оқып жиылған жұртты дүр сілкіндірді. 
Көрме 22-24 қазан күндері аралығында 3 күнге жалғасады. 




 
Қосымша мағлұматтар алу үшін,
Тел.: +7 701 296 73 15, + 7 778 096 97 83,
+7 775 897 77 88, +7 707 829 20 44
E-mail: atakent.expo@mail.ru
Басқа жаңалықтар
23-05-2024
⚜️Археолог, тарих ғылымдарының докторы, қазақ археология ғылымының негізін қалаушылардың бірі Кемел Ақышевтың туғанына — 100 жыл.
23-05-2024
Аида Балаева ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Минмен кездесті
21-05-2024
Бұл күн – адамзатты ізгілікке баулып, мейірімге үндейтін, сұлулыққа құштар, жарастыққа толы әлемге сенетін, болашақ үшін жасампаздыққа бастайтын ардақты кәсіп иелерінің мерекесі.
18-05-2024
IFLA Дүниежүзілік кітапхана және ақпарат конгресі Қазақстанда өтуі мүмкін
17-05-2024
Мемлекет басшысы “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2024 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы