Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Басты бет / Жаңалықтар / Қазақстанда 3985 мерзімді баспа басылымы тіркелген
Қазақстанда 3985 мерзімді баспа басылымы тіркелген
31-01-2024
      Қазақстанда 3985 мерзімді баспа басылымы тіркелген
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің деректеріне сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарының саны жыл сайын артып келеді.
📈1991 жылмен салыстырғанда БАҚ саны 350 есеге өсті. Осыдан 33 жыл бұрын Қазақстанда тек 10 республикалық мемлекеттік газет пен журнал шығарылса, қазір олардың саны 3985-ке жетті. Басылымдардың әрқайсысының қағаз ғана емес сандық нұсқасы да бар.
2024 жылы газетке 360 612 жеке тұлға және 7 687 заңды тұлға жазылған.
📌Журналистердің біліктілігін арттыру бойынша іс-шаралар қарастырылған. Осыған байланысты өткен жылы өңірлік газеттер мен журналдардың қызметкерлері үшін баспа БАҚ форумы өткізілсе, 2024 жылдың наурыз айына кезекті өңірлік баспа БАҚ форумын өткізу жоспарланған. Форум аясында түрлі семинарлар мен шеберлік сыныптары ұйымдастырылады. «Қазконтент» АҚ базасында басылымдардың сайттарын жүргізу мен қолдауға және оларды әлеуметтік желілерде дамытуға қатысты кеңестер жүргізіледі.
🔎Толығырақ: https://www.gov.kz/.../mam/press/news/details/695904...
Ақпарат ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Баспасөз дереккөздерінен алынды
Басқа жаңалықтар
13-10-2026
Қазақстан әдебиеті Германиядағы ірі кітап жәрмеңкесінде таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында Frankfurter Buchmesse 2026 халықаралық кітап жәрмеңкесі өтті. Қазақстанның ұлттық стендінде 15-тен астам отандық баспаның 300-ге жуық кітабы ұсынылды. Жәрмеңкеге 30-дан астам қазақстандық баспагерлер мен әдебиет саласының өкілі қатысты.
09-10-2026
Франкфурттегі кітап жәрмеңкесінде 300-ге жуық қазақстандық кітап таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында «Frankfurter Buchmesse 2026» 78-ші халықаралық кітап жәрмеңкесі өтіп жатыр. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жәрмеңкеде үшінші жыл қатарынан Қазақстанның ұлттық стенді ұйымдастырылды.
29-09-2026
ҚазҰУ студенттеріне Ұлттық мемлекеттік кітап палатасында арнайы шеберлік сағаты өткізілді
29-09-2026
«Жылдың 10 оқырманы» жобасының жеңімпаздарына 10 млн теңгеден беріледі
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Жылдың 10 оқырманы» республикалық жобасына арналған брифинг өтті.
07-09-2026
Қазақстан халықаралық кітап байқауында тоғыз жүлделі орынға ие болды
Қазақстандық баспалар ұсынған кітаптар Минск қаласында өткен XXIII «Искусство книги – 2026» халықаралық байқауында тоғыз жүлделі орынды иеленді. Байқау нәтижесі бойынша отандық авторлардың кітаптары екі бірінші, төрт екінші және үш үшінші орынды иеленді.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2026 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ