Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Басты бет / Жаңалықтар / Халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов өмірден озды
Халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов өмірден озды
05-04-2021

Бүгін белгілі қаламгер, Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қабдеш Жұмаділов 85 жасқа қараған шағында дүниеден озды. 

Қабдеш Жұмаділов –   1936 жылы 24 сәуір күні ҚХР, Шыңжаң өлкесі, Тарбағатай аймағы, Шәуешек ауданында дүниеге келген. Қазақстанның халық жазушысы. 

Жазушының «Жас дәурен» өлеңдер, «Қаздар қайтып барады», «Сары жайлау», «Шарайна», «Сәйгүліктер» әңгіме, повесть жинақтары, «Көкейкесті», «Бақыт жолында», «Атамекен» т.б. романдары, «Соңғы көш» оқырман қауымға жақсы таныс. Жұмаділовке Шығыс Түркістандағы қазақтардың өмірі мен азаттығы жолындағы күресі суреттелген «Тағдыр» романы үшін Қазақстан Республикасының Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығы берілген.

Қабдеш Жұмаділов өмірінің соңғы кезеңіндегі сұхбаттарының бірін ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының «Асыл сөз» сұхбат айдарына берген еді. Сол сұхбатында қаламгер мекеме тарихы туралы былай деп сыр шерткен: 

«Бұл жер бізге таныс, ыстық. Уағында қанша мәрте жол түсті, басқарған азаматтармен дәм-тұздас болдық. Бұл жерді өзі ылғи жазушылар басқарды. Тахауи Ахтанов болды кезінде. Сонда жарықтық жұмыстың бәрін Ақкенже деген орынбасарына тапсырады да жүре береді апталап. Орынбасары керемет пысық. 

Тахаң басшылықта тұрған шақта екеуіміз Шығармашылық үйінде кездесіп қала беретінбіз. Шығарма жазамыз бұрқыратып. Ішінде он-ақ адамы бар сол Шығармашылық үйіне директор құтаймайды. Сонда Тахаң: 

 - Сендерге не болған-ей? Он адамды басқара алмайсыңдар ма?! Өзіміз ана жақта алпыс әйелді тыпыр еткізбей ұстап отырмыз ғой, - деп ақыл айтып отыратын. (күліп)

Бала сияқты ақкөңіл, жайдары кісі еді. Мақтағанды, мақтанғанды жақсы көретін, және онысын жан баласынан жасырған емес. Шынайы кейіп...»

«Кітап палатасы деген бізге бөтен мекеме емес. Кітап деген жазушы. Демек, бұл – жазушылардың мекемесі. Бұл жерде барлық жазушылардың архиві, жазған шығармаларының дерегі тұр. Мен алпыс жасымда зейнетке шықтым. 40 жастан кейін шығармашылыққа кеттім. Зейнетке шығар кезде еңбек өтілі керек дейді, менде қайбір өтіл болсын. ҚазМУ-дің өзін екіге бөліп тоғыз жыл дегенде әрең бітірген адаммын. Төрт жыл сүргінде болдым. Содан біреу: "Кітап палатасына барсаңыз, алғаш шығармаңыз шыққан күннен бастап өтіліңіз есептеледі" деді. Салып ұрып жетіп келдім. Шынында, барлық шығармамның шыққан күні, тиражы, баспасы осында қатталып тұр екен. Жарты сағаттың айналасында жасап бере қойды».

Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының ұжымы Қабдеш Жұмаділовтың жары Сәуле Әукенқызына, балаларына, ағайын-туысына, дос-жарандарына көңіл айтады. Заңғар жазушының жатқан жері жайлы, иманы саламат болсын!

Басқа жаңалықтар
22-05-2026
Сөзден іске!
Бүгін Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырмасымен Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының мамандарына Алматы қаласынан 2 бөлмелі пәтер табысталды.
21-05-2026
Құрметті мәдениет және өнер саласының қызметкерлері!
17-05-2026
Мемлекет басшысы «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды
01-05-2026
«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына өтінім қабылдау басталды
«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына өтінім қабылдау басталды. Ұлттық әдеби сыйлық отандық қаламгерлерді қолдау және қазақ әдебиетінің дамуына ықпал ету мақсатында өткізіледі.
16-04-2026
23 сәуір — елімізде Ұлттық кітап күні ретінде аталып өтеді
23 сәуір — елімізде Ұлттық кітап күні ретінде аталып өтеді. Осы маңызды күнге орай республика көлемінде кітап оқу мәдениетін насихаттауға, рухани және зияткерлік дамуды қолдауға бағытталған ауқымды кітап апталығы ұйымдастырылып отыр
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2026 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ