Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Басты бет / Жаңалықтар / Қазақстанның жас жазушылары мен ақындары Президенттік әдеби сыйлыққа ие болды
Қазақстанның жас жазушылары мен ақындары Президенттік әдеби сыйлыққа ие болды
26-01-2024

          Бүгін Алматыда  өткен салтанатты іс-шарада Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жас жазушылар мен ақындарға Президенттік арнаулы әдеби сыйлықты  табыс етті.

Іс-шараға белгілі ақындар мен жазушылар, мәдениет қайраткерлері қатысты.

«Әдебиет – ұлттың жаны. Ол әрдайым халықпен бірге үздіксіз дамып отырады. Шығармашыл тұлғаның қаламынан қашалып шыққан туынды қай кезде де әлемдік контекстегі ұлттың ерекшелігін танытатыны сөзсіз. Хәкім Абай, Мұхтар Әуезов, Қасым Аманжолов, Жұмекен Нәжімеденов, Мұқағали Мақатаев сынды әдебиет алыптарының шығармалары өз уақытының көркемдік көкжиегін кеңейтті. Руханияттың осынау ұлы көші өз сапарын тоқтатпай, кеше мен бүгінді, бүгін мен ертеңді жалғап келеді. Сондықтан біз әрдайым жас қаламгерлер шығармашылығын айрықша назарда ұстаймыз", - деп атап өтті министр.

Сондай-ақ министр мемлекет тарапынан еліміздің ақын-жазушыларының туындыларын басып шығару арқылы оларға белсенді түрде қолдау көрсететінін айтты. Жыл сайын қоғамдық маңызы бар кітаптарды сатып алу, басып шығару және тарату бағдарламасы бойынша қаламгерлердің кітаптары жарық көреді. Соңғы екі жыл ішінде үш жүзден астам жаңа туынды төл әдебиетіміздің қорын толықтырды. Ел мәдениетінің дамуына қосылған құнды үлес деп танылған әдебиет пен өнер саласындағы үздік шығармалар үшін Абай атындағы Мемлекеттік сыйлық пен «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығы беріледі.

2023 жылы жас қаламгерлерге мемлекеттік қолдау көрсету, дарынды ақын-жазушылардың жаңа буынын қалыптастыру мақсатында тұңғыш рет Президенттік арнаулы әдеби сыйлық тағайындалды. Әдеби сыйлық 18-35 жасқа дейінгі қаламгерлерге арналған.

Авторлар бұған дейін халықаралық және ұлттық байқауларға қатыспаған өз шығармаларын ұсынып, барлығы 53 өтінім қабылданды.  Оның ішінде  «Балалар әдебиеті» номинациясына - 17, «Драматургия» номинациясына - 9, «Поэзия» номинациясына - 13,  «Проза» номинациясына - 14 үміткер бар.

Өтінімдердің барлығы жіті қаралып, шығарманың көркемдік деңгейі арнайы сараптамадан өтті.

Министр «Қазақстанның жас жазушылары мен ақындарына арналған Президенттік арнаулы әдеби сыйлықтың лауреаты» атағының иегерлеріне арнайы дипломдар мен төсбелгілер және ақшалай сыйлықтар табыс етті.

«Проза» номинациясы бойынша Жылқыбай Досханның «Квант» туындысы, «Поэзия» номинациясы бойынша Еділбек Дүйсеновтің «Қалалық құстар» өлеңдер топтамасы,  «Драматургия» номинациясы бойынша Айтолкын Ашимованың «Тау көтерген Толағай» драмалық туындысы, «Балалар әдебиеті» номинациясы бойынша Олжас Қасымның «Атың озсын, азамат!» топтамасы жүлделі орынға ие болды.

 Ақпарат ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Баспасөз дереккөздерінен алынды

 

Басқа жаңалықтар
13-10-2026
Қазақстан әдебиеті Германиядағы ірі кітап жәрмеңкесінде таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында Frankfurter Buchmesse 2026 халықаралық кітап жәрмеңкесі өтті. Қазақстанның ұлттық стендінде 15-тен астам отандық баспаның 300-ге жуық кітабы ұсынылды. Жәрмеңкеге 30-дан астам қазақстандық баспагерлер мен әдебиет саласының өкілі қатысты.
09-10-2026
Франкфурттегі кітап жәрмеңкесінде 300-ге жуық қазақстандық кітап таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында «Frankfurter Buchmesse 2026» 78-ші халықаралық кітап жәрмеңкесі өтіп жатыр. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жәрмеңкеде үшінші жыл қатарынан Қазақстанның ұлттық стенді ұйымдастырылды.
29-09-2026
ҚазҰУ студенттеріне Ұлттық мемлекеттік кітап палатасында арнайы шеберлік сағаты өткізілді
29-09-2026
«Жылдың 10 оқырманы» жобасының жеңімпаздарына 10 млн теңгеден беріледі
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Жылдың 10 оқырманы» республикалық жобасына арналған брифинг өтті.
07-09-2026
Қазақстан халықаралық кітап байқауында тоғыз жүлделі орынға ие болды
Қазақстандық баспалар ұсынған кітаптар Минск қаласында өткен XXIII «Искусство книги – 2026» халықаралық байқауында тоғыз жүлделі орынды иеленді. Байқау нәтижесі бойынша отандық авторлардың кітаптары екі бірінші, төрт екінші және үш үшінші орынды иеленді.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2026 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ