Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Басты бет / Жаңалықтар / “Күш - білімде, білім - кітапта”
“Күш - білімде, білім - кітапта”
15-02-2024
      ► Бүгін, 14 ақпан Халықаралық “Кітап сыйлау күні” мерекесіне орай Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2022-2023 жылдары “Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату” республикалық бюджеттік бағдарламасы аясында басылып шыққан кітаптардың 16 данасын “Жамбыл Жабаев” атындағы жасөспірімдер кітапханасына салтанатты түрде табыстау рәсімі болып өтті. 
       ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы директорының орынбасары Толқын Тұрғалиқызы “Жамбыл Жабаев” атындағы жасөспірімдер кітапханасының қорына Маралтай Райымбекұлының “Аруана” поэмасы, Әлия Дәулетбаеваның “Алматыдан алыста” өлеңдер жинағы, Қанат Әбілқайырдың “Жылан кегі” сынды, т.т.б. өзге де кітаптарды сыйға тартты. Бұл тұрғыда кітапхана басшысы Бану Даулетбаева ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының қызметкерлерін мерекемен құттықтап, алғыс білдірді. 
Кітап сыйлау- мерекесінің басты мақсаты - қоғамның кітапқа деген махаббатын оятып, ғылым үйренуге шақыру. Және бұл мерекенің жылдан-жалға жалғаса беретініне сенімдіміз! Мереке құтты болсын!


Басқа жаңалықтар
13-10-2026
Қазақстан әдебиеті Германиядағы ірі кітап жәрмеңкесінде таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында Frankfurter Buchmesse 2026 халықаралық кітап жәрмеңкесі өтті. Қазақстанның ұлттық стендінде 15-тен астам отандық баспаның 300-ге жуық кітабы ұсынылды. Жәрмеңкеге 30-дан астам қазақстандық баспагерлер мен әдебиет саласының өкілі қатысты.
09-10-2026
Франкфурттегі кітап жәрмеңкесінде 300-ге жуық қазақстандық кітап таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында «Frankfurter Buchmesse 2026» 78-ші халықаралық кітап жәрмеңкесі өтіп жатыр. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жәрмеңкеде үшінші жыл қатарынан Қазақстанның ұлттық стенді ұйымдастырылды.
29-09-2026
ҚазҰУ студенттеріне Ұлттық мемлекеттік кітап палатасында арнайы шеберлік сағаты өткізілді
29-09-2026
«Жылдың 10 оқырманы» жобасының жеңімпаздарына 10 млн теңгеден беріледі
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Жылдың 10 оқырманы» республикалық жобасына арналған брифинг өтті.
07-09-2026
Қазақстан халықаралық кітап байқауында тоғыз жүлделі орынға ие болды
Қазақстандық баспалар ұсынған кітаптар Минск қаласында өткен XXIII «Искусство книги – 2026» халықаралық байқауында тоғыз жүлделі орынды иеленді. Байқау нәтижесі бойынша отандық авторлардың кітаптары екі бірінші, төрт екінші және үш үшінші орынды иеленді.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2026 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ