Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Қазақстандықтарды Көрісу күні – Амал мерекесімен құттықтаймыз!
Бүгін елімізде Наурыз мейрамын тойлау онкүндігі бастау алды.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Наурызнаманың» жаңа концепциясы дайындалды. Оның аясында қазақстандықтар еліміздің басты мерекесін 10 күн тойлайтын болады. 🔹«Амал мерекесі» қауышу күні ғана емес, бұл ең алдымен – өмірді жаңа парақтан бастауға, өткенге разы болып, болашақты сеніммен қарсы алуға үндейтін мереке.
14 наурызда қонаққа бару, үлкендерге құрмет көрсету және бір-бірін көктемнің басталуымен құттықтау дәстүрге айналған. Көрісу күні – Наурыздың алғашқы хабаршысы және бізге дәстүріміз бен ортақ құндылықтарымыз біріктіретін бір отбасы екенімізді еске салады.
Бұл күнде баршаңызды сағынышпен көрісіп, мейірімдеріңізбен бөлісуге шақырамыз!
ҰЛТТЫҚ КІТАП ПАЛАТАСЫНА ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ АТЫНАН ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫҢ АРНАЙЫ БАСЫЛЫМЫ ТАБЫСТАЛДЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасына Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атынан еліміздің жаңа Конституциясының арнайы басылымы салтанатты түрде табысталды.
30-06-2026
ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖӘНЕ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы» республикалық мемлекеттік мекемесі мен «М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі арасында ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойылды.
26-06-2026
Қазақстан кітапханалар одағының «Жаһандық көзқарас және тұрақты даму: кітапханалардың болашақты құрудағы рөлі» атты кезекті көшпелі отырысы
Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өткізіліп жатқан көшпелі отырыс аясында, Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының директоры Асхат Құсайынұлы Байұзақов «Кітапхана және кітап баспа ісі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша баяндама жасады.
22-06-2026
Софы Қалыбекұлы Сматаев
ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының ұжымы көрнекті жазушы, драматург, аудармашы, қоғам қайраткері, Кітап палатасының ұзақ жылдар бойы бас директоры болған Софы Сматаевты 85 жас мерейтойымен шын жүректен құттықтайды!
22-06-2026
Кітап палатасы халықаралық кітап көрмесінде Қазақстанның баспа өнімдерін таныстырды
2026 жылғы 17–21 маусым аралығында өткен Азиядағы ең ірі халықаралық кітап форумдарының бірі – Бейжің халықаралық кітап көрмесі табысты қорытындыланды.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй