Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Басты бет / Жаңалықтар / Бүгін әдебиеттанушы, филология ғылымдарының кандидаты Қабиболла Сыдиықұлының туғанына - 90 жыл
Бүгін әдебиеттанушы, филология ғылымдарының кандидаты Қабиболла Сыдиықұлының туғанына - 90 жыл
18-03-2024
         Бүгін әдебиеттанушы, филология ғылымдарының кандидаты Қабиболла Сыдиықұлының туғанына - 90 жыл
Қабиболла Сыдиықұлы еліміздің батыс, шығыс өңірлерін аралап, Түрікменстан, Өзбекстан, Тәжікстан экспедицияларына ғылыми жетекшілік етіп, ақын-жыраулар мұрасын, халық әндерін, шежірелер мен тарихи деректерді жинау жолында еңбек етті.
Қаламгер әдеби, мәдени, тарихи, архитектуралық мұралар, қол өнері, халықтар достығы, Маңғыстау, Атырау тарихы хақында кітаптар, әдеби, ғылыми зерттеулер, публицистикалық мақалалар мен өлеңдер, очерк, суреттемелер, әдеби мұралар жариялады.
       Оның қатысуымен «Біржан сал мен ақын Сараның айтысы», «Ертедегі әдебиет нұсқалары», «Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері» сынды құнды кітаптар жарық көрді.
Әдебиеттанушы кітаптарға, жинақтарға енген Шалкиіз, Абыл, Махамбет, Есет сынды тарихи тұлғалар мен әдеби, мәдени мұралар хақында 300-ден аса іргелі еңбек жазып қалдырды.
Басқа жаңалықтар
13-10-2026
Қазақстан әдебиеті Германиядағы ірі кітап жәрмеңкесінде таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында Frankfurter Buchmesse 2026 халықаралық кітап жәрмеңкесі өтті. Қазақстанның ұлттық стендінде 15-тен астам отандық баспаның 300-ге жуық кітабы ұсынылды. Жәрмеңкеге 30-дан астам қазақстандық баспагерлер мен әдебиет саласының өкілі қатысты.
09-10-2026
Франкфурттегі кітап жәрмеңкесінде 300-ге жуық қазақстандық кітап таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында «Frankfurter Buchmesse 2026» 78-ші халықаралық кітап жәрмеңкесі өтіп жатыр. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жәрмеңкеде үшінші жыл қатарынан Қазақстанның ұлттық стенді ұйымдастырылды.
29-09-2026
ҚазҰУ студенттеріне Ұлттық мемлекеттік кітап палатасында арнайы шеберлік сағаты өткізілді
29-09-2026
«Жылдың 10 оқырманы» жобасының жеңімпаздарына 10 млн теңгеден беріледі
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Жылдың 10 оқырманы» республикалық жобасына арналған брифинг өтті.
07-09-2026
Қазақстан халықаралық кітап байқауында тоғыз жүлделі орынға ие болды
Қазақстандық баспалар ұсынған кітаптар Минск қаласында өткен XXIII «Искусство книги – 2026» халықаралық байқауында тоғыз жүлделі орынды иеленді. Байқау нәтижесі бойынша отандық авторлардың кітаптары екі бірінші, төрт екінші және үш үшінші орынды иеленді.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2026 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ