►Бүгін – Халықаралық балалар кітабы күні
Мерекені 1967 жылы «Балалар мен жасөспірімдер әдебиеті жөніндегі халықаралық кеңес» коммерциялық емес ұйымы бекіткен. Бұл күн кездейсоқ дата емес. Айтулы күн тарихтағы ең танымал ертегілер авторының бірі – Ханс Кристиан Андерсеннің туған күнімен сәйкес келеді.
Балалар әдебиеті – көркем әдебиеттің ауқымды саласы. Қазақ жазба әдебиеті қалыптасқаннан бері балалар әдебиеті – тілі, стилі, мазмұны мен құрылымы жағынан ұлт тарихындағы үлкен маңызға ие.
Қазақстанда балаларға арналған 249 кітапхана бар. Айта кетейік, өткен ғасырда
Алматы қаласында негізі қаланған С.Бегалин атындағы балалар кітапханасы еліміздегі ең көне кітапхана саналады. Ал ең жаңа балалар кітапханасы - Алматыда 2020 жылы бой көтерген «ALATAU CREATIVE HUB» жаңа орталығы.
Жыл басынан бері облыс, аудан, қалалар мен ауылдарда орналасқан кітапханаларға 1 733 686 жас оқырман келген. Бүгін еліміздің барлық кітапханаларында түрлі іс-шаралар, атап айтқанда кітап көрмелері, интеллектуалды ойындар, кездесулер, әдеби бенефис, кітапханаға саяхат ұйымдастырылады.
Еліміздің барлық жас оқырмандарын білім, ғылым, таным сапарына жол сілтейтін айтулы күнмен құттықтаймыз!
Басқа жаңалықтар
27-09-2024
Кітап оқуға үндейтін жоба
12-08-2024
Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының қарасөздерін оқу челленджі.
Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының қарасөздерін оқу челленджі.
Челленджді Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінің ұстаздарына жолдаймыз.
09-07-2024
Мерекелік күндер тізіміне тағы бір мереке қосылды: 23 сәуір - Ұлттық кітап күні.
Үкіметтің 2024 жылғы 29 маусымдағы Қаулысымен Қазақстан Республикасындағы мереке күндерінің тізбесіне тиісті толықтырулар енгізілді.
Мерекелік күндер тізіміне тағы бір мереке қосылды:
23 сәуір - Ұлттық кітап күні.
05-07-2024
Қаншама еңбек, қаншама тер…
3 шілде ҚР Ұлттық мемлекеттік Кітап Палатасының «Мемлекеттік библиография (қазақ тобы)» бөлімінің мамандары Сарсенбаева Асемай Нұртайқызы, Болатова Жаннұр Болатқызы, Әлімберді Ләззат Айтжанқызы ҚазҰУ журналистика факультетінің магистратурасын тәмамдап, диплом алды. Кітап Палатасының басшылығы жастардың оқуға деген қызығушылығын қолдайтынын алға тарта отырып, ұжым мамандарға ізгі тілек білдіріп,құттықтады.
01-07-2024
Әдеби сыйлық, тың жобалар: қаламгерлерді қолдау үшін қандай шаруалар атқарылып жатыр?
Президенттік арнаулы әдеби сыйлыққа 18-35 жас аралығындағы қаламгерлер қатыса алады
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй