Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Басты бет / Жаңалықтар / Бүгін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасына 20 жыл
Бүгін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасына 20 жыл
23-04-2024


  Бүгін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасына 20 жыл

     Заманымыздың заңғар жазушысы, ойшыл Әбіш Кекілбайұлының «Адамды адам еткен кітап, адамзат еткен кітапхана» деген қанатты сөзі бар. Еліміздің әр кітапханасы ұлтымыздың рухани мұрасын көздің қарашығындай сақтап, қалың оқырманға насихаттауда ерен етуде. Соның ішінде бас қалада орналасқан Ұлттық кітапхананың орны ерекше. Кітап ордасы Астана қаласының ғана емес, республиканың әдеби-рухани тынысын айқындайтын оқырмандардың сүйікті орнына айналды. Ұлттық электронды кітапхананы отандық оқырман ғана пайдаланып қоймайды, бұған шетелдік ғалымдардың да қызығушылығы артуда. Бұндай толайым табыстарға жетудегі кітапхана ұжымының жұдырықтай жұмылып, теңіздей тер төккен еңбегін ерекше атап өткен жөн. Руханият үшін атқарып жатқан жұмыстарыңыздың жемісін көріңіздер! Мәдениеті жоғары қоғам қалыптастырудағы миссияларыңызды мінсіз атқаруға сенім білдіреміз және бұдан да биік жетістіктерге жетулеріңізге тілектеспіз!
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Басқа жаңалықтар
13-10-2026
Қазақстан әдебиеті Германиядағы ірі кітап жәрмеңкесінде таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында Frankfurter Buchmesse 2026 халықаралық кітап жәрмеңкесі өтті. Қазақстанның ұлттық стендінде 15-тен астам отандық баспаның 300-ге жуық кітабы ұсынылды. Жәрмеңкеге 30-дан астам қазақстандық баспагерлер мен әдебиет саласының өкілі қатысты.
09-10-2026
Франкфурттегі кітап жәрмеңкесінде 300-ге жуық қазақстандық кітап таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында «Frankfurter Buchmesse 2026» 78-ші халықаралық кітап жәрмеңкесі өтіп жатыр. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жәрмеңкеде үшінші жыл қатарынан Қазақстанның ұлттық стенді ұйымдастырылды.
29-09-2026
ҚазҰУ студенттеріне Ұлттық мемлекеттік кітап палатасында арнайы шеберлік сағаты өткізілді
29-09-2026
«Жылдың 10 оқырманы» жобасының жеңімпаздарына 10 млн теңгеден беріледі
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Жылдың 10 оқырманы» республикалық жобасына арналған брифинг өтті.
07-09-2026
Қазақстан халықаралық кітап байқауында тоғыз жүлделі орынға ие болды
Қазақстандық баспалар ұсынған кітаптар Минск қаласында өткен XXIII «Искусство книги – 2026» халықаралық байқауында тоғыз жүлделі орынды иеленді. Байқау нәтижесі бойынша отандық авторлардың кітаптары екі бірінші, төрт екінші және үш үшінші орынды иеленді.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2026 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ