Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Басты бет / Жаңалықтар / Құддыс Қожамияров атындағы ұйғыр музыкалық комедия театры 90 жылдық мерейтойын атап өтуде!
Құддыс Қожамияров атындағы ұйғыр музыкалық комедия театры 90 жылдық мерейтойын атап өтуде!
18-06-2024


Бүгін Алматыда Құддыс Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрының 90 жылдығына орай, музыкалық қойылымдардың І театр фестивалі басталды.

🗓17-21 маусым аралығында театр сахнасында Қазақстанның бес театрының әртістері өнер көрсетеді, олардың арасында М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры, Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры, Республикалық мемлекеттік академиялық корей театры, «Жаңа ғасыр» театры және «Алатау» дәстүрлі өнер театры бар. Олардың репертуарында «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан» және т.б. қойылымдар бар.
▪️Қ. Қожамияров атындағы ұйғыр музыкалық-драма театры 1934 жылдың қыркүйегінде ашылды. Бүгінгі таңда драмалық труппадан басқа театрда «Нава» фольклорлық ансамблі, «Сада» жастар эстрадалық ансамблі және «Рухсара» би ансамблі жемісті жұмыс істеп келеді.
▪️1984 жылы театр қазақстандық өнерді дамытуда қосқан үлесі үшін «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды. 2016 жылы Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай театрға «академиялық» мәртебе берілді.
▪️Биыл мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай, Мемлекет басшысы бірқатар театр қызметкеріне «Құрмет» орденін табыс етті, ал ҚР Мәдениет және ақпарат министрі «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағын берді.
▪️90 жылдық тарихында театр ТМД және Түркия, Венгрия, Финляндия, Германия, Египет, Қытай, Румыния, Болгария, Пәкістан және Португалия елдерінде халықаралық фестивальдар мен гастрольдік сапарларға белсенді қатысып, әлемдік аренада отандық өнерді кеңінен насихаттады. Театр фестивалі аясында мұрағаттық тарихи құжаттар мен театрдың сирек кездесетін фотоматериалдарының көрмесі ашылды. Іс-шара соңында фестиваль лауреаттары анықталады.
ℹ️ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Басқа жаңалықтар
13-10-2026
Қазақстан әдебиеті Германиядағы ірі кітап жәрмеңкесінде таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында Frankfurter Buchmesse 2026 халықаралық кітап жәрмеңкесі өтті. Қазақстанның ұлттық стендінде 15-тен астам отандық баспаның 300-ге жуық кітабы ұсынылды. Жәрмеңкеге 30-дан астам қазақстандық баспагерлер мен әдебиет саласының өкілі қатысты.
09-10-2026
Франкфурттегі кітап жәрмеңкесінде 300-ге жуық қазақстандық кітап таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында «Frankfurter Buchmesse 2026» 78-ші халықаралық кітап жәрмеңкесі өтіп жатыр. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жәрмеңкеде үшінші жыл қатарынан Қазақстанның ұлттық стенді ұйымдастырылды.
29-09-2026
ҚазҰУ студенттеріне Ұлттық мемлекеттік кітап палатасында арнайы шеберлік сағаты өткізілді
29-09-2026
«Жылдың 10 оқырманы» жобасының жеңімпаздарына 10 млн теңгеден беріледі
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Жылдың 10 оқырманы» республикалық жобасына арналған брифинг өтті.
07-09-2026
Қазақстан халықаралық кітап байқауында тоғыз жүлделі орынға ие болды
Қазақстандық баспалар ұсынған кітаптар Минск қаласында өткен XXIII «Искусство книги – 2026» халықаралық байқауында тоғыз жүлделі орынды иеленді. Байқау нәтижесі бойынша отандық авторлардың кітаптары екі бірінші, төрт екінші және үш үшінші орынды иеленді.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2026 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ