Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Басты бет / Жаңалықтар / Астанада этносаралық қақтығыстың алдын алу мәселесі талқыланды
Астанада этносаралық қақтығыстың алдын алу мәселесі талқыланды
26-06-2024
           Астанада Достық үйінде этносаралық қақтығыс пен оның алдын алу шараларына арналған отырыс өтті. Іс-шараның мақсаты этносаралық шиеленіске жол бермеу және қоғамдағы келісімді сақтау болды.
           Отырысқа ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманова, Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин, Бас прокуратура, Ішкі істер, Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің өкілдері, сондай-ақ ҚХА және этномәдени бірлестіктердің мүшелері қатысты.
          ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қазақстандағы этносаралық келісімді нығайту жөніндегі орталық және жергілікті билік органдары жұмысының негізгі бағыттары туралы айтып берді.
          Ғалым Шойкин әлеуметтік желілер мен БАҚ мониторингі бойынша да оқиғалар мен жанжалдардың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Отырыс барысында қатысушылар ұлттық бірлікті нығайтуға және азаматтық құндылықтарды дамытуға қатысты пікірлер, тәжірибелер және жаңа тәсілдермен алмасты. Отырыс қорытындысы бойынша, конструктивті диалог жүргізіліп, елдегі этносаралық келісімді одан әрі дамыту бойынша бірқатар ұсыныстар қабылданды.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар
22-05-2026
Сөзден іске!
Бүгін Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырмасымен Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының мамандарына Алматы қаласынан 2 бөлмелі пәтер табысталды.
21-05-2026
Құрметті мәдениет және өнер саласының қызметкерлері!
17-05-2026
Мемлекет басшысы «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды
01-05-2026
«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына өтінім қабылдау басталды
«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына өтінім қабылдау басталды. Ұлттық әдеби сыйлық отандық қаламгерлерді қолдау және қазақ әдебиетінің дамуына ықпал ету мақсатында өткізіледі.
16-04-2026
23 сәуір — елімізде Ұлттық кітап күні ретінде аталып өтеді
23 сәуір — елімізде Ұлттық кітап күні ретінде аталып өтеді. Осы маңызды күнге орай республика көлемінде кітап оқу мәдениетін насихаттауға, рухани және зияткерлік дамуды қолдауға бағытталған ауқымды кітап апталығы ұйымдастырылып отыр
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2026 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ