Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Бүгін ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының ұжымы Көрісу күнін атап өтті. Мекеме директоры Әділ Қаженбайұлы Көрісу күнінің мән-мағынасы, дәстүрі туралы айта келіп, көпшілікті жылдың келуімен құттықтады.
«Көрісу күнін ата-бабамыз ежелден тойлап келе жатыр. Жыл айналып, Жаңа жыл келгенде көпшілік дүркіретіп атап өтеді. Өткен ғасырдағы қысылтаяң уақыттарда бұл мерекенің тойлану шеңбері тарылып қалды. Еліміздің батыс өңірінде, Астрахань, Ресейдің шекаралас аймақтарында бұл мереке сақталған. Міне, Тәуелсіздіктің арқасында осындай ұмыт бола бастаған керемет мерекелерімізді жаңғыртып отырмыз.
Биыл Мәдениет және спорт министрлігінің Наурыз мерекесін он күн бойы тойлау бастамасы тұжырымдама негізінде қолға алынды. Осыған орай, жұртшылық болып, оң бастамаға қолдау білдіруіміз керек. Мемлекет басшысының Қазақстан халқын Көрісу күнімен құттықтауының өзі бұл мерекенің маңызын асыра түсті. Көрісу күні құтты болсын!» - деді ол.
Ұжымдағы жасы үлкен қызметкерлер Көрісу күні туралы түрлі деректер айтып, жастарға бағыт берді. Жиын соңында бата беріліп, Кітап палатасының ұжымы мерекелік дәм – Наурыз көжеден ауыз тиді.
Санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталды. Көрісу мерекесінің басты дәстүрінің бірі – төс қағыстыру салты орындалмады. Жиынның басты мақсаты – Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мәдениет және спорт министрлігі көтерген бастаманы жан-жақты қолдау, жастарға ұлттық құндылықтарымызды насихаттау.
Басқа жаңалықтар
22-05-2026
Сөзден іске!
Бүгін Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырмасымен Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының мамандарына Алматы қаласынан 2 бөлмелі пәтер табысталды.
21-05-2026
Құрметті мәдениет және өнер саласының қызметкерлері!
17-05-2026
Мемлекет басшысы «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды
01-05-2026
«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына өтінім қабылдау басталды
«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына өтінім қабылдау басталды. Ұлттық әдеби сыйлық отандық қаламгерлерді қолдау және қазақ әдебиетінің дамуына ықпал ету мақсатында өткізіледі.
16-04-2026
23 сәуір — елімізде Ұлттық кітап күні ретінде аталып өтеді
23 сәуір — елімізде Ұлттық кітап күні ретінде аталып өтеді. Осы маңызды күнге орай республика көлемінде кітап оқу мәдениетін насихаттауға, рухани және зияткерлік дамуды қолдауға бағытталған ауқымды кітап апталығы ұйымдастырылып отыр
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй