Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Басты бет / Жаңалықтар / Бүгін Алматыда ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының ұйымдастыруымен және Қазақстан Жазушылар одағының қолдауымен қаламгерлерге арналған «ҚҰЛАГЕР» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау шарасы өтті.
Бүгін Алматыда ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының ұйымдастыруымен және Қазақстан Жазушылар одағының қолдауымен қаламгерлерге арналған «ҚҰЛАГЕР» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау шарасы өтті.
28-01-2025

Қауымдастық президенті Исламбек Салжанов, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық спорт түрлерін дамытуға әрқашан шынайы ықылас танытып, айрықша қолдау көрсетіп отырғанын атап өтіп, ұлттық спорт, ұлттық тәрбиедегі жазушылардың үлесі мен қаламгерлердің еңбегіне тоқталды.  
«Жазушылар қауымы мен үшін өте жақын. Себебі, халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов ағамызбен 20-жылға жуық араласып, қаламгерлер еңбегіне қанық болдым. Ел мен жердің жайын толғап, тағылымы мол туындыларды өмірге әкелу оңай шаруа емес. Оған шалқар шабыт пен қажырлы еңбек қажет. Осының бәрін ой елегінен өткізе келе «Құлагер» байқауының тұсауын кескен едік. Міне, бүгін сол қаламгерлер бәйгесінің қорытынды жиынына келіп отырмыз. Ұлттық спорт ұлттымыздың бейнесі. Оны айшықтай түсу баршамызға міндет. Сол мақсат жолында әдебиеттің түрлі жанрында шығарма жазған барша қаламгер қауымға алғыс айтамын». 
Байқаудың мақсаты – еліміздің ұлттық мұрасының бірі – ұлттық спортты насихаттау және қаламгерлерге қолдау көрсету, оларды ұлттық спорт түрлері туралы жаңа туындылар жазуға ынталандыру.
«Құлагер» республикалық байқауына ұлттық спорт түрлеріне арналған бұрын жарияланбаған 200-ден аса материал келіп түсті.
Қазылар алқасының әр мүшесінің ұсыныс-пікірі мен сараптамалары негізінде ең үздік деген шығарма іріктеліп, төмендегі қаламгерлер 7 номинация бойынша «Құлагер» республикалық байқауының жүлдегерлері атанды:
1. Проза – Тұрысбек Сәукетаев «Ай қанатты арғымақ» (хикаят);
2. Драма – Жолтай Алмашұлы Алмашев «Күш атасы» (пьеса);
3. Поэзия – Алмас Ахметбекұлы Сақбаев «От шығармас ойын» (дастан);
4. Фантастика / мифология – Пернебай Дүйсенбин «Ақбоз, көкжал, Жансая апа және төрт ноян» (мифофантастикалық хикаят);
5. Деректі проза – Мұхтар Анарбек «Дүлдүлдің дүбірі» (повесть);
6. Балалар әдебиеті – Аут Даутович Масимов «Айқасқа» (Хикаят);
7. Комикс – Сәлімғали Қасымханұлы Мырзашев «Көксерек» (М.Әуезовтың «Көксерек» әңгімесі желісімен салынған).
Қазылар алқасының төрағасы, Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы Мереке Құлкенов: «Бұл шара – ұлттық спортты насихаттап-жазып жүрген біздің ақын-жазушыларға рухани және қаржылай да үлкен қолдау болды. Алдағы уақытта да осындай игі істерді бірлесе атқара береміз» деп сенім білдіріп, Қазақстан Республикасының Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Төлеубайұлы Салжановты Қазақстан Жазушылар одағының 90 жылдық мерей тойының Әдебиет және мәдениетке сіңірген еңбегі үшін «Атымтай Жомарт» медалімен марапаттады.
Айта кетейік: Әр жеңімпазға 2 000 000 теңге қаржылай сыйақыны құрайтын сертификат табыс етілді. Онымен қоса арнайы «ҚҰЛАГЕР» республикалық байқауының мүсіншесі мен дипломдар табысталды.


Басқа жаңалықтар
10-08-2026
«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына өтінім қабылдау жалғасып жатыр.
Бұл – қазақ әдебиетінің дамуына үлес қосып жүрген талантты авторлардың шығармашылығын қолдауға және үздік туындыларды дәріптеуге бағытталған маңызды жоба.
28-07-2026
XXIII халықаралық «Искусство книги» байқауына 23–24 шілде аралығында Минск қаласында ТМД елдерінің кітап ісі саласындағы арнайы номинациялар бойынша дауыс беру кезеңі өтті.
Аталған кезеңде қатысушы мемлекеттер ұсынған басылымдар әділ қазылар тарапынан жан-жақты қаралып, әр номинация бойынша үздік жұмыстарды анықтау мақсатында дауыс беру рәсімі жүргізілді
28-07-2026
2026 жылғы 22–24 шілде аралығында Беларусь Республикасының Минск қаласында дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Искусство книги» халықаралық байқауы өтті.
Іссапар аясында Асхат Құсайынұлы Беларусь Республикасының кітап ісі мен баспа саласының қызметімен жан-жақты танысты. Сонымен қатар Ұлттық Беларусь кітапханасы мен Беларусь Кітап палатасында болып, мекемелердің негізгі бағыттары, құжаттарды сақтау және ғылыми-библиографиялық жұмыстарымен танысты.
01-07-2026
ҰЛТТЫҚ КІТАП ПАЛАТАСЫНА ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ АТЫНАН ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫҢ АРНАЙЫ БАСЫЛЫМЫ ТАБЫСТАЛДЫ
 Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасына Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атынан еліміздің жаңа Конституциясының арнайы басылымы салтанатты түрде табысталды.
30-06-2026
ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖӘНЕ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы» республикалық мемлекеттік мекемесі мен «М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі арасында ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойылды.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2026 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ