Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Басты бет / Жаңалықтар / Киножобаларды іріктеу конкурсы басталды
Киножобаларды іріктеу конкурсы басталды
05-03-2025
«Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» 2025 жылғы ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобаларды іріктеу конкурсын жариялады.⠀ Киножобаларды іріктеу екі кезеңде жүзеге асады. Бірінші кезең – фильмдердің сценарийін немесе сценарий жоспарларын қарау. Екінші кезеңде тақырыптық жоспарға сай келетін, Сараптама кеңесі іріктеген жобалардың құжаттарын жинақтау жүзеге асырылады. Конкурстық іріктеудің бірінші кезеңіне қатысу үшін үміткерлер Орталыққа сценарийлерді қарауға өтінімді, PDF форматында сценарийлерді, авторлық шарт пен жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмесі, өтініш беруші мен сценарий немесе сценарий жоспарының авторы арасындағы алдын ала шартты жіберуі қажет. Өтініш беруші фильмнің әр түрі, ойын фильмі, анимациялық фильм, деректі-хроникалы фильмдер бойынша тек 2 сценарий ұсына алады. Құжаттар 5 наурыз бен 13 наурызға дейін (12 наурыз сағат 23:59) дейін қабылданады.
«Біздің мақсатымыз – ашық әрі әділ конкурс өткізу. Алдағы уақытта іріктеуге қатысты ақпараттар министрліктің және орталықтың ресми сайтында және әлеуметтік желі аккаунттарында тұрақты жарияланатын болады. Конкурстық іріктеуге қатысты сауалдарыңыз болса, Кино орталығы жанынан кеңес беру қызметі ашылғанын хабарлаймыз! Бұған дейін осы жылғы киножобалар конурсына арналған басым тақырыптар тізімі жарияланған болатын. Киногерлер тұшымды дүние дайындап, көрерменге сапалы дүние ұсынуға күш салады деп сенеміз», – деп атап өтті Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева.

Айта кетейік, конкурстық іріктеуге қатысу құқығына ие болу үшін үміткерлердің салық берешегінің болмауы, банкроттық рәсімге тартылмауы маңызды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар
13-10-2026
Қазақстан әдебиеті Германиядағы ірі кітап жәрмеңкесінде таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында Frankfurter Buchmesse 2026 халықаралық кітап жәрмеңкесі өтті. Қазақстанның ұлттық стендінде 15-тен астам отандық баспаның 300-ге жуық кітабы ұсынылды. Жәрмеңкеге 30-дан астам қазақстандық баспагерлер мен әдебиет саласының өкілі қатысты.
09-10-2026
Франкфурттегі кітап жәрмеңкесінде 300-ге жуық қазақстандық кітап таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында «Frankfurter Buchmesse 2026» 78-ші халықаралық кітап жәрмеңкесі өтіп жатыр. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жәрмеңкеде үшінші жыл қатарынан Қазақстанның ұлттық стенді ұйымдастырылды.
29-09-2026
ҚазҰУ студенттеріне Ұлттық мемлекеттік кітап палатасында арнайы шеберлік сағаты өткізілді
29-09-2026
«Жылдың 10 оқырманы» жобасының жеңімпаздарына 10 млн теңгеден беріледі
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Жылдың 10 оқырманы» республикалық жобасына арналған брифинг өтті.
07-09-2026
Қазақстан халықаралық кітап байқауында тоғыз жүлделі орынға ие болды
Қазақстандық баспалар ұсынған кітаптар Минск қаласында өткен XXIII «Искусство книги – 2026» халықаралық байқауында тоғыз жүлделі орынды иеленді. Байқау нәтижесі бойынша отандық авторлардың кітаптары екі бірінші, төрт екінші және үш үшінші орынды иеленді.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2026 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ