Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Басты бет / Жаңалықтар / Құрметті киноиндустрия өкілдері!
Құрметті киноиндустрия өкілдері!
06-03-2025
Өткен жылы киноиндустрияда көптеген оң өзгерістер орын алды.
Негізгі реформалардың бірі – мемлекеттік қолдауға ие болатын киножобаларды конкурс арқылы іріктеудің жаңа ережелері. Бұл ережелер іріктеу рәсімін барынша ашық және айқын етуді көздейді. Мемлекет басшысының қолдауымен жүзеге асқан бұл және өзге де өзгерістер бүгінде кино саласының дамуына маңызды серпін беруде.
Бүгін осы жаңа ережелер бойынша көптен күткен киножобалар конкурсы жарияланды.
Ережеге сәйкес, конкурстың бірінші кезеңінде әуелі сценарий мен сценарий жоспарлары қабылданып, Сараптама кеңесінің қарауына жіберіледі. Бұл жерде ескеретін жайт, үміткерлер сценарийді конкурс жайлы хабарландыру жарияланғаннан бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей, Кино орталығына электронды түрде жолдауы қажет. Өтінімдерді қабылдау Кино орталығының сайтында 5-13 наурыз аралығында жүргізіледі.
Бұл ретте Сараптама кеңесі жобаларыңызды анимациялық, ойын, деректі-хроникалы фильмдер бойынша сүзгіден өткізуге дайын. Екінші кезеңде құжаттар пакеті қаралып, анықталған қателерді түзетуге 3 күн уақыт беріледі. Ашық қорғау және питчинг онлайн трансляция арқылы өтеді.
Біздің мақсатымыз – ашық әрі әділ конкурс өткізу. Алдағы уақытта іріктеуге қатысты ақпараттар министрліктің және орталықтың ресми сайтында және әлеуметтік желілеріндегі аккаунттарында үздіксіз жарияланады. Конкурстық іріктеуге қатысты сауалдарыңыз болса, Кино орталығы жанынан консультация жұмыстары да іске қосылғанын хабарлаймын!
Өздеріңіз білетіндей, бұған дейін биыл кино түсіруге арналған басым тақырыптар жарияланған болатын. Осының негізінде тұшымды дүние дайындап, көрерменге сапалы дүние ұсынуға күш салады деп сенеміз! Барлық қатысушыларға алдағы конкурста сәттілік тілей отырып, Сіздерді ұлттық киноның көкжиегін кеңейтуге атсалысуға шақырамын!
Басқа жаңалықтар
10-08-2026
«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына өтінім қабылдау жалғасып жатыр.
Бұл – қазақ әдебиетінің дамуына үлес қосып жүрген талантты авторлардың шығармашылығын қолдауға және үздік туындыларды дәріптеуге бағытталған маңызды жоба.
28-07-2026
XXIII халықаралық «Искусство книги» байқауына 23–24 шілде аралығында Минск қаласында ТМД елдерінің кітап ісі саласындағы арнайы номинациялар бойынша дауыс беру кезеңі өтті.
Аталған кезеңде қатысушы мемлекеттер ұсынған басылымдар әділ қазылар тарапынан жан-жақты қаралып, әр номинация бойынша үздік жұмыстарды анықтау мақсатында дауыс беру рәсімі жүргізілді
28-07-2026
2026 жылғы 22–24 шілде аралығында Беларусь Республикасының Минск қаласында дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Искусство книги» халықаралық байқауы өтті.
Іссапар аясында Асхат Құсайынұлы Беларусь Республикасының кітап ісі мен баспа саласының қызметімен жан-жақты танысты. Сонымен қатар Ұлттық Беларусь кітапханасы мен Беларусь Кітап палатасында болып, мекемелердің негізгі бағыттары, құжаттарды сақтау және ғылыми-библиографиялық жұмыстарымен танысты.
01-07-2026
ҰЛТТЫҚ КІТАП ПАЛАТАСЫНА ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ АТЫНАН ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫҢ АРНАЙЫ БАСЫЛЫМЫ ТАБЫСТАЛДЫ
 Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасына Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атынан еліміздің жаңа Конституциясының арнайы басылымы салтанатты түрде табысталды.
30-06-2026
ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖӘНЕ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы» республикалық мемлекеттік мекемесі мен «М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі арасында ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойылды.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2026 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ