Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Басты бет / Жаңалықтар / 27 наурызда бүкіл әлемде барша театр қызметкерлерінің кәсіби мерекесі – Дүниежүзілік театр күні аталып өтеді.
27 наурызда бүкіл әлемде барша театр қызметкерлерінің кәсіби мерекесі – Дүниежүзілік театр күні аталып өтеді.
27-03-2025
Театр – адам жанының айнасы, ой мен сезімнің үйлесімі, өмірдің түрлі қырларын сахнада шебер жеткізетін ұлы өнер. Театр – қоғамның мәдени дамуына ықпал ететін құрал.

«Қазақстанда театр өнеріне қызығушылық артып келеді. Зал көрерменге толы, қойылымдардың премьерасына билеттер екі-үш апта бұрын сатылып кетеді. Сахна өнеріне құштар жандардың арасында жастардың көп болуы көңілге ерекше қуаныш ұялатады», – деп атап өтті Президент Қасым-Жомарт Тоқаев IV Ұлттық құрылтай отырысында.

🗣Бүгінде Қазақстанда 70 театр жұмыс істейді, олардың 57-сі – мемлекеттік театр. Атап айтсақ, 11 республикалық, 46 өңірлік театр бар. Кейінгі төрт жылда елімізде бес жаңа мемлекеттік театр ашылды. Бұл театр өнерінің дамып келе жатқанын, сұранысқа ие екенін көрсетеді.
⏺Қазақстандық театрлар отандық көрерменді жаңа қойылымдармен қуантып қана қоймай, елімізді халықаралық аренада да танытып келеді. 2024 жылы 396 гастрольдік сапар ұйымдастырылса, оның 350-і ел ішінде, 46-сы шетелде өтті. 

⏺Отандық театрларда 9 мыңға жуық маман жұмыс істейді, оның 4 200-і шығармашылық ұжым өкілдері. Бір жыл ішінде Қазақстанның мемлекеттік театрлары 200-ден астам жаңа қойылым қойды, олардың 107-сі отандық авторлардың шығармалары негізінде сахналанған.

Театр өнері – талант пен талғам, шынайылық пен адалдықтан туған текті өнер.
Осынау ерекше күні сахнада және сахна сыртында еңбек етіп жүрген барша жанды құттықтаймын! Олар – актерлер, режиссерлер, драматургтер, сценографтар, жарық және дыбыс қоюшы мамандар, костюмерлер, гримерлер, әкімшілер мен техникалық мамандар. Ең бастысы, бұл қастерлі өнерді жан-тәнімен жақсы көретін барша көрерменге алғысым шексіз.

Көрерменнің ыстық ықыласы мен қолдауы театрдың мәңгілік өмір сүруінің кепілі. Сол себепті театрға келуші әрбір жанға, өнерді бағалайтын әр көрерменге де ерекше алғыс айтамын. 
Өнердің киелі ордасы – театр мәңгі жасай берсін! 
Дүниежүзілік театр күні құтты болсын!

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева
Басқа жаңалықтар
13-10-2026
Қазақстан әдебиеті Германиядағы ірі кітап жәрмеңкесінде таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында Frankfurter Buchmesse 2026 халықаралық кітап жәрмеңкесі өтті. Қазақстанның ұлттық стендінде 15-тен астам отандық баспаның 300-ге жуық кітабы ұсынылды. Жәрмеңкеге 30-дан астам қазақстандық баспагерлер мен әдебиет саласының өкілі қатысты.
09-10-2026
Франкфурттегі кітап жәрмеңкесінде 300-ге жуық қазақстандық кітап таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында «Frankfurter Buchmesse 2026» 78-ші халықаралық кітап жәрмеңкесі өтіп жатыр. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жәрмеңкеде үшінші жыл қатарынан Қазақстанның ұлттық стенді ұйымдастырылды.
29-09-2026
ҚазҰУ студенттеріне Ұлттық мемлекеттік кітап палатасында арнайы шеберлік сағаты өткізілді
29-09-2026
«Жылдың 10 оқырманы» жобасының жеңімпаздарына 10 млн теңгеден беріледі
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Жылдың 10 оқырманы» республикалық жобасына арналған брифинг өтті.
07-09-2026
Қазақстан халықаралық кітап байқауында тоғыз жүлделі орынға ие болды
Қазақстандық баспалар ұсынған кітаптар Минск қаласында өткен XXIII «Искусство книги – 2026» халықаралық байқауында тоғыз жүлделі орынды иеленді. Байқау нәтижесі бойынша отандық авторлардың кітаптары екі бірінші, төрт екінші және үш үшінші орынды иеленді.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2026 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ