Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Басты бет / Жаңалықтар / Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейінде «Сағыныштың түсі» атты көрме өтті
Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейінде «Сағыныштың түсі» атты көрме өтті
16-04-2025
2025 жылдың 15 сәуірінде Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде белгілі қолөнер шебері, суретші Тұрбай Мұратбектің «Сағыныштың түсі» атты жеке көрмесінің ашылуы өтті.  Экспозицияда 40-тан астам инемен кестеленген жұмыс ұсынылды.

Суретші туындының құрылымы мен түстік түзілімін түрлі-түсті жіптер  арқылы ойнатып, кескіндемелік жолақтарды, жағыстарды және кескіндерді аса дәлдікпен кесте арқылы көрсетеді. Жалпы суретшінің көрмеге қойылған жұмыстарынан – түстің қанықтығы, құрылымның нақтылығы байқалады. Автор туындыларының тағы бір ерекшелігі –  дәстүрлі ою-өрнектерді шебер қолдануы. 

Көркемөнердің ішінде балалық шаққа арналған тақырыптар да бар. Ол өз еңбектерінде ауылдың бейқам өмірін, бала көңілдің тазалығын, жан дүниенің тыныштығы мен сағыныш лебін  көркем шеберлікпен жеткізген. Көрме 4 мамырға дейін жалғасады.

ℹ️ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар
13-10-2026
Қазақстан әдебиеті Германиядағы ірі кітап жәрмеңкесінде таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында Frankfurter Buchmesse 2026 халықаралық кітап жәрмеңкесі өтті. Қазақстанның ұлттық стендінде 15-тен астам отандық баспаның 300-ге жуық кітабы ұсынылды. Жәрмеңкеге 30-дан астам қазақстандық баспагерлер мен әдебиет саласының өкілі қатысты.
09-10-2026
Франкфурттегі кітап жәрмеңкесінде 300-ге жуық қазақстандық кітап таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында «Frankfurter Buchmesse 2026» 78-ші халықаралық кітап жәрмеңкесі өтіп жатыр. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жәрмеңкеде үшінші жыл қатарынан Қазақстанның ұлттық стенді ұйымдастырылды.
29-09-2026
ҚазҰУ студенттеріне Ұлттық мемлекеттік кітап палатасында арнайы шеберлік сағаты өткізілді
29-09-2026
«Жылдың 10 оқырманы» жобасының жеңімпаздарына 10 млн теңгеден беріледі
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Жылдың 10 оқырманы» республикалық жобасына арналған брифинг өтті.
07-09-2026
Қазақстан халықаралық кітап байқауында тоғыз жүлделі орынға ие болды
Қазақстандық баспалар ұсынған кітаптар Минск қаласында өткен XXIII «Искусство книги – 2026» халықаралық байқауында тоғыз жүлделі орынды иеленді. Байқау нәтижесі бойынша отандық авторлардың кітаптары екі бірінші, төрт екінші және үш үшінші орынды иеленді.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2026 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ