Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Басты бет / Жаңалықтар / Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы салтанатты түрде ашылды
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы салтанатты түрде ашылды
27-02-2021
Бүгін Ақтоты Райымқұлова жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойының ресми ашылуына арналған салтанатты жиында еліміз бойынша атқарылатын іс-шаралар туралы баяндады. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Елеуұлы Көшербаев, Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің басшысының бірінші орынбасары Дәурен Әскербекұлы Абаев қатысты. 

«Жамбыл Жабаевтың биылғы мерейтойында айтулы ақынның өмірі мен шығармашылығын жалпы ұлт мақтанышы ретінде ғана қарастырмай, жас ұрпақтың тарихи танымын кеңейтіп, патриотизм мен отансүйгіштікке тәрбиелеудің ықпалды құралына айналдыру межеленіп отыр. Жамбыл құдіреті, оның дүние дидарына жайылған даңқы дала төсіндегі дара дәстүрді паш етті. Тек өз тіліндегі тұма жырмен сусындап өскен ақынның халық әдебиетін әлемдік деңгейге аспандатты. Бұл ерекшелікті Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жамбылдың 150 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзінде: «Жамбыл сан ғасырлық ақпа-төкпесуырып-салма ақындық өнердің, жыраулық дәстүрдің көшін ілгері апарып, осы заманға жеткізген және небір тарихи өзгерістерді сол үрдістен алшақ кетпей-ақ жырлай білген заңғар құбылыс»,- деп айшықты да анық айтқан.

Демек, Жамбыл жыры бізді далалық дәстүрлеріміздің жаңа замандарға да жақсы жарасатын қымбат қасиеттерін қадірлеуге, қастерлеуге үйрететін үлгі. Жыр алыбының 175 жылдық мерейтойын өткізу бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді.
Соған орай, мерейтойлық жыл ішінде республика бойынша 500-дей әлеуметтік, имидждік, ғылыми, танымдық іс-шара өтеді. Бұдан бөлек, ақын өмірінен фильмдер түсіру, өлеңдерінің жаңа жинақтарын шығару, кітап көрмелерін ұйымдастыру, мерейтойлық монета, пошта маркасын әзірлеу т.б. іс-шаралар көзделіп отыр. Жамбыл поэзиясы өткен ғасырда да, жаңа ғасырда да небір сындардан өтіп, еркіндік сүйген өршіл халқының рухын көтеруде, ұлтымызбен бірге жасап келеді және мәңгілік жасай береді», - деді Ақтоты Рахметоллақызы. 
Басқа жаңалықтар
13-10-2026
Қазақстан әдебиеті Германиядағы ірі кітап жәрмеңкесінде таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында Frankfurter Buchmesse 2026 халықаралық кітап жәрмеңкесі өтті. Қазақстанның ұлттық стендінде 15-тен астам отандық баспаның 300-ге жуық кітабы ұсынылды. Жәрмеңкеге 30-дан астам қазақстандық баспагерлер мен әдебиет саласының өкілі қатысты.
09-10-2026
Франкфурттегі кітап жәрмеңкесінде 300-ге жуық қазақстандық кітап таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында «Frankfurter Buchmesse 2026» 78-ші халықаралық кітап жәрмеңкесі өтіп жатыр. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жәрмеңкеде үшінші жыл қатарынан Қазақстанның ұлттық стенді ұйымдастырылды.
29-09-2026
ҚазҰУ студенттеріне Ұлттық мемлекеттік кітап палатасында арнайы шеберлік сағаты өткізілді
29-09-2026
«Жылдың 10 оқырманы» жобасының жеңімпаздарына 10 млн теңгеден беріледі
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Жылдың 10 оқырманы» республикалық жобасына арналған брифинг өтті.
07-09-2026
Қазақстан халықаралық кітап байқауында тоғыз жүлделі орынға ие болды
Қазақстандық баспалар ұсынған кітаптар Минск қаласында өткен XXIII «Искусство книги – 2026» халықаралық байқауында тоғыз жүлделі орынды иеленді. Байқау нәтижесі бойынша отандық авторлардың кітаптары екі бірінші, төрт екінші және үш үшінші орынды иеленді.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2026 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ