Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Астанада республикалық «Ұлттық кітап» байқауының жеңімпаздары анықталды
24-04-2025
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 23 сәуір елімізде Ұлттық кітап күні болып бекітілген болатын. Мереке Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында берген тапсырмасына сәйкес енгізілді.
Осыған орай бүгін, 23 сәуірде Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында Ұлттық кітап күніне арналған салтанатты жиын өтті.
Іс-шараға ҚР Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, танымал ақын-жазушылар, Мемлекеттік сыйлық иегерлері, ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, баспас саласының өкілдері, облыстық кітапханалардың басшылары және шығармашылық зиялы қауым қатысты.
«Сан ғасырлар өтсе де, кітаптың адамзат үшін маңызы өзгерген жоқ. Бүгінде кітап – зияткер ұлт пен саналы қоғам қалыптастырудың негізгі құралына айналды. Қазіргі таңда қолданып жүрген барлық технология, медицина, өнер бәрі де кітап оқу арқылы дамыған. Сондықтан Мемлекет басшысы айтқандай, кітап ұлттың рухани құндылығына айналуы тиіс. Ұлттық кітап күнін атап өтудің басты мақсаты – осы», - деді Ерлан Қошанов құттықтау сөзінде.
Салтанатты іс-шара аясында Мәдениет және ақпарат министрлігі жариялаған «Ұлттық кітап» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Байқауға кейінгі екі жылда жарық көрген отандық авторлардың туындылары ұсынылып, 9 номинация жеңімпаздары мен «Жыл кітабы» анықталды.
Байқауға 120-дан астам өтінім түскен. Әр номинация бойынша жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Іс-шара барысында сирек кітаптар мен қолжазбалар, Жеңістің 80 жылдығына арналған әдебиеттер, сондай-ақ 2024 жылы мемлекеттік тапсырыспен жарық көрген 200-ге жуық кітап пен суреттердің көрмесі ұсынылды.
Айта кетейік, Ұлттық кітап күніне орай 16–23 сәуір аралығында республика бойынша 300-ден астам тақырыптық іс-шара ұйымдастырылды. Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде кітап оқу мәдениетін насихаттауға бағытталған челлендж өтті. Оған алғашқылардың бірі болып ақын-жазушылар мен мәдениет қайраткерлері қатысып, көпшілікті кітап оқуға шақырды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар
13-10-2026
Қазақстан әдебиеті Германиядағы ірі кітап жәрмеңкесінде таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында Frankfurter Buchmesse 2026 халықаралық кітап жәрмеңкесі өтті. Қазақстанның ұлттық стендінде 15-тен астам отандық баспаның 300-ге жуық кітабы ұсынылды. Жәрмеңкеге 30-дан астам қазақстандық баспагерлер мен әдебиет саласының өкілі қатысты.
09-10-2026
Франкфурттегі кітап жәрмеңкесінде 300-ге жуық қазақстандық кітап таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында «Frankfurter Buchmesse 2026» 78-ші халықаралық кітап жәрмеңкесі өтіп жатыр. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жәрмеңкеде үшінші жыл қатарынан Қазақстанның ұлттық стенді ұйымдастырылды.
29-09-2026
ҚазҰУ студенттеріне Ұлттық мемлекеттік кітап палатасында арнайы шеберлік сағаты өткізілді
29-09-2026
«Жылдың 10 оқырманы» жобасының жеңімпаздарына 10 млн теңгеден беріледі
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Жылдың 10 оқырманы» республикалық жобасына арналған брифинг өтті.
07-09-2026
Қазақстан халықаралық кітап байқауында тоғыз жүлделі орынға ие болды
Қазақстандық баспалар ұсынған кітаптар Минск қаласында өткен XXIII «Искусство книги – 2026» халықаралық байқауында тоғыз жүлделі орынды иеленді. Байқау нәтижесі бойынша отандық авторлардың кітаптары екі бірінші, төрт екінші және үш үшінші орынды иеленді.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй