Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында жарық көріп отырған «Қару мен Қалам» атты майдангер қаламгерлер хақындағы жаңа басылым жақын арада оқырмандарына жол тартпақ.
Кітаптың құрастырушы авторы – Жұмабай Орынғалиұлы Доспанов.
Биыл, екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 80 жыл!
Бұл кітап, сол 80 жыл дегенде, қан майданда, одан бұрын, не кейінде қару мен қаламды қатар ұстаған қазақстандық журналистер, әдебиетшілер, ақын-жазушылар туралы нақты құжаттарға, архивтік материалдарға сүйенумен дайындалып, жазылған.
Олардың сол тұстардағы деректері қысқаша, ықшамдалған күйде алынған. Бұлардың барлығы да майдангерлер, көпшілігі офицерлер, бәрі дерлік марапаттылар, араларында «Алтын Жұлдыздылар», соған екі мәртеден ұсынылғандар, қаза тапқандар бар.