Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Жеңістің 80 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі майдангер қаламгерлердің шығармасын аудиокітап форматында әзірледі.
01-05-2025
Аудиокітаптар қатарына Бауыржан Момышұлының «Москва үшін шайқас», Әди Шәріповтің «Партизан қызы», Дихан Әбіловтің «Майданбек», Кемел Тоқаевтың «Солдат соғысқа кетті», Қасым Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз», Тайыр Жароковтың «Зоя туралы жыр» және Тахауи Ахтановтың «Қаһарлы күндер», Әбу Сәрсенбаевтың «Ақша бұлт» атты еңбектері енді.
Сонымен қатар Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Күткен күн» және Қасым Қайсеновтің «Партизан соқпақтары» шығармаларының аудио-нұсқасы әзірленіп жатыр.
Аталған бастама майдангер қаламгерлердің ұлт руханиятына қосқан үлесін насихаттауға және жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруге бағытталған.
Оқырман аудиокітаптарды Қазақстан Ұлттық электронды кітапханасынан тыңдай алады.
Кітаптарды М. Болатұлы, Қ. Ахметжанов, Ш. Үркімбаев, Б. Сабыр, Б. Сейітмамытұлы, Б. Бекмағамбетов сынды белгілі дикторлар дыбыстады. Произведения фронтовых писателей выпущены в формате аудиокниг
В честь 80-летия Победы Министерство культуры и информации Республики Казахстан подготовило аудиоверсии произведений фронтовых писателей.
В коллекцию вошли следующие произведения:
- «Москва үшін шайқас» Бауыржана Момышулы,
- «Партизан қызы» Ади Шарипова,
- «Майданбек» Дихана Абилова,
- «Солдат соғысқа кетті» Кемеля Токаева,
- «Ақын өлімі туралы аңыз» Касыма Аманжолова,
- «Зоя туралы жыр» Тайыра Жарокова,
- «Қаһарлы күндер» Тахауи Ахтанова,
- «Ақша бұлт» Абу Сарсенбаева.
В настоящее время ведется работа над созданием аудиоверсий произведений «Күткен күн» Абдижамиля Нурпеисова и «Партизан соқпақтары» Касыма Кайсенова.
Проект направлен на популяризацию литературного наследия фронтовых писателей и воспитание молодёжи в духе патриотизма.
Аудиокниги доступны для прослушивания на сайте Казахстанской Национальной электронной библиотеки.
Озвучили произведения известные дикторы: М. Болатулы, К. Ахметжанов, Ш. Уркимбаев, Б. Сабыр, Б. Сейтмамытулы и Б. Бекмагамбетов.
Басқа жаңалықтар
13-10-2026
Қазақстан әдебиеті Германиядағы ірі кітап жәрмеңкесінде таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында Frankfurter Buchmesse 2026 халықаралық кітап жәрмеңкесі өтті. Қазақстанның ұлттық стендінде 15-тен астам отандық баспаның 300-ге жуық кітабы ұсынылды. Жәрмеңкеге 30-дан астам қазақстандық баспагерлер мен әдебиет саласының өкілі қатысты.
09-10-2026
Франкфурттегі кітап жәрмеңкесінде 300-ге жуық қазақстандық кітап таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында «Frankfurter Buchmesse 2026» 78-ші халықаралық кітап жәрмеңкесі өтіп жатыр. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жәрмеңкеде үшінші жыл қатарынан Қазақстанның ұлттық стенді ұйымдастырылды.
29-09-2026
ҚазҰУ студенттеріне Ұлттық мемлекеттік кітап палатасында арнайы шеберлік сағаты өткізілді
29-09-2026
«Жылдың 10 оқырманы» жобасының жеңімпаздарына 10 млн теңгеден беріледі
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Жылдың 10 оқырманы» республикалық жобасына арналған брифинг өтті.
07-09-2026
Қазақстан халықаралық кітап байқауында тоғыз жүлделі орынға ие болды
Қазақстандық баспалар ұсынған кітаптар Минск қаласында өткен XXIII «Искусство книги – 2026» халықаралық байқауында тоғыз жүлделі орынды иеленді. Байқау нәтижесі бойынша отандық авторлардың кітаптары екі бірінші, төрт екінші және үш үшінші орынды иеленді.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй