Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / «Асыл сөзде» қонақта - Халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов
«Асыл сөзде» қонақта - Халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов
14-10-2019

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл cаясаты комитетінің қолдауымен Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы «Асыл сөз» жобасын жалғастыруда. 

   Бұл шараның мақсаты - еліміздің руханиятына еңбегі сіңген абыз ақын, жазушыларымызбен оқырман арасында алтын көпір болып, кездесулер ұйымдастырып, қаламгерлеріміздің шығармаларын кеңінен насихаттaу. Алдағы уақытта жыл бойы «Асыл сөз» жобасы жүйелі түрде жүргізіліп, абыз ақсақалдармен болған сұхбаттар республикалық газеттердің бірінде жарияланады. Ал, бейне жазба нұсқасы республикалық арналардың бірінен көрсетіліп, дайын өнім кітап палатасының мұрағатында сақталады. Жобаның алғашқы қонағы классик жазушы Әбдіжәмил Нұрпейісов болса, екінші мейманына Халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов келді. Алдымен оқырмандар мен жазушының өзі бастап, «Қазақ әдебиеті», «Лениншіл жас», газеттерінде және «Жұлдыз» журналында жарияланған алғашқы өлеңдері мен әңгімелерінен басталған, және кітаптарынан құралған көрмені тамашалады. Одан кейін сабақталған кездесуді кітап палатасының директоры Әділ Қойтанов ашып, жазушының шығармашылығына қысқаша тоқталып, сөз кезегін Қабдеш атамыздың өзіне берді. Оқырмандар сауалына орай, әңгімені бала күнінен бері таратқан Қабдеш қария талай сырдың, талай тарихтың тиегін ағытты. Оның ішінде өзінің ғана емес сол замандағы қазақтың басынан кешкен сан қилы өмір жолы да бар еді. Соның бәрі оқырман үшін мәнді де, мағыналы болғаны анық. Екі жарым сағатқа созылған сыр сұхбатты қорытындылаған кітап палатасының директоры жазушыға естелік сыйлық пен Қ.Жұмаділовтің өз атына сайт ашып, оған шығармаларын хронологиялық ретпен топтастырып, оның сертификатын тапсырды. Кездесу соңынан қаламгер өзіне көрсетілген құрметке ризашылығын білдіріп, кітап палатасы ұжымымен естелік суретке түсті.

 

Нұрболат Абайұлы, Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының баспасөз-хатшысы.

Басқа жаңалықтар
22-07-2025
Аида Балаева, Мәдениет және ақпарат министрі: Мәдениет дау-дамайдың емес, тың идея мен ауызбірліктің алаңы болуы керек
Әр халықтың өзіндік «мәдени коды» бар – ол сол ұлтты басқалардан даралап тұратын ерекшелік.
03-07-2025
Кітап құндылығы
Былтыр Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдағы ұтымды бастама, уақтылы қолдау арқасында Үкімет қаулысымен 23 сәуір – Ұлттық кітап күні болып бекітіліп, Тұран даласында руханият тойы салтанат құрды. Мемлекет басшысы барша қазақстандықтарды Ұлттық кітап күнімен құттықтап, арнаулы дата енгізудегі басты мақсатты айқындап берді: «Бұл – білімпаздық, ізденімпаздық, кітапқұмарлық сияқты игі қасиеттерді дәріптейтін күн. Кітап оқыған ұрпақ озық ойлы болады. Сапалы ұлт осындай құндылықтар арқылы қалыптасады».
21-05-2025
21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күні
Бұл мереке – ұлт руханиятының өркендеуіне, мәдени мұраны сақтау мен насихаттауға өлшеусіз үлес қосып келе жатқан мәдениет және өнер саласы қызметкерлеріне құрмет көрсету күні.
12-05-2025
Астанада баспасөз қызметтері мен БАҚ өкілдеріне арналған семинар өтеді
Мәдениет және ақпарат министрлігі 2025 жылғы 14 мамырда «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігімен бірлесіп «Халықаралық журналистика: дамуға ресми көмек» семинары өткізілетінін хабарлайды.
08-05-2025
«Қару мен Қалам»
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында жарық көріп отырған «Қару мен Қалам» атты майдангер қаламгерлер хақындағы жаңа басылым жақын арада оқырмандарына жол тартпақ.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2025 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы