Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Басты бет / Жаңалықтар / Қазақстан Франкфурт Кітап көрмесінде: Ұлттық әдебиет – халықаралық аренада
Қазақстан Франкфурт Кітап көрмесінде: Ұлттық әдебиет – халықаралық аренада
16-10-2025

15–19 қазан күндері Германияның Франкфурт қаласында өтетін «Frankfurter Buchmesse 2025» халықаралық кітап жәрмеңкесінде Қазақстан өз ұлттық стендін ашып, отандық баспалардың жаңа туындыларын әлем жұртшылығына таныстырды.

Биыл 77-рет ұйымдастырылып отырған әйгілі Франкфурт кітап жәрмеңкесінің құрметті қонағы – Филиппин мемлекеті. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген баспагерлер мен жазушылар бас қосқан ірі мәдени шараға Қазақстаннан 30-дан астам делегация қатысуда. Олардың қатарында еліміздің жетекші баспалары – «Мектеп», «Алматыкітап», «Атамұра», «ARMAN-PV», «Steppe & World Publishing», «Эверо», «Kazformoms», «АmalBooks» және басқа да отандық баспа өкілдері бар.

Қазақстандық стенд ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылып, халықаралық деңгейдегі баспалармен әріптестік байланыстарды дамытуға жол ашты. Биыл көрмеге 350-ге жуық қазақстандық кітап қойылып, олардың ішінде көркем әдебиет, ғылыми және балаларға арналған жаңа басылымдар таныстырылды.

Көрменің басты мақсаты – кітап саудасын халықаралық деңгейде ілгерілету, баспа нарығын дамыту және жазушылар мен баспагерлердің өзара байланысын күшейту. Қазақстан стендіне келген шетелдік қонақтар еліміздің әдеби әлемімен, заманауи баспа ісінің дамуымен және ұлттық мәдениетпен кеңінен танысу мүмкіндігіне ие болды.

Жаңа туындылардың тұсаукесері

Көрме аясында бірқатар маңызды тұсаукесерлер өткізілді. Атап айтқанда, неміс жазушысы Anja Tuckermann қатысқан жеті тілге аударылған «Абайдың қара сөздері. Ұрпаққа Ұлағат» кітабының таныстырылымы үлкен қызығушылық тудырды.

Сонымен қатар, «Менің Қазақстаным» сериясындағы «Ұлы тұлғаларға» арналған «Шоқан. Шығыстың жарық жұлдызы», Оразалы Сәбденнің «Түркі, Әлем өркениеті, Қазақстан және болашақ» («Эверо» баспасы), «Мектеп» баспасынан шыққан «Симантика. Өю-өрнектер» (үш тілде), «Arman-PV» баспасының «Көшпенділер ойындары / Nomad Games / Игры кочевников», «Атамұра» баспасының «Қазақстан – қызғалдақтар отаны» атты еңбектері мен «Steppe & World Publishing» баспасынан жарық көрген Ырысбек Дәбейдің «Қоңыз», Үміт Жұбанышеваның «Шаңырақтың иесін іздеймін» кітаптарының тұсаукесерлері болмақ.

Сондай-ақ, ақын Дүйсенәлі Әлімақынның «Америка ашқан қазақтар» атты еңбегінің таныстырылымында Германиялық журналист және аудармашы Artur Weigandt қатысады.

«АmalBooks» баспасының директоры Бақытжан Бұқарбайдың модератарлығымен «Қазақстандық авторлардың еңбектерін шет тілдеріне аудару мәселелері және аударма ісіндегі мүмкіндіктер мен кедергілер» тақырыбы талқыланады.


 

Ал қазақ әдебиетінің классикасы саналатын Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романының таныстырылымы ерекше форматта өткізілмек.

Халықаралық әріптестікке жол

Қазақстан Республикасының Майндағы Франкфурт қаласындағы Бас консулы ұлттық стендке арнайы келіп, отандық делегацияға қолдау білдірді.

Көрме барысында Канада, Қытай, Түркия, Әзербайжан, Дания, Германия, Сингапур және басқа елдердің баспагерлері қазақстандық әріптестерімен кездесу өткізіп, ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын талқылады.

Сонымен қатар, қазақстандық өкілдер өзге мемлекеттердің стендтеріне барып, баспа ісі саласындағы тәжірибе алмасу мен серіктестік мүмкіндіктерін қарастырды.


 

Басқа жаңалықтар
13-10-2026
Қазақстан әдебиеті Германиядағы ірі кітап жәрмеңкесінде таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында Frankfurter Buchmesse 2026 халықаралық кітап жәрмеңкесі өтті. Қазақстанның ұлттық стендінде 15-тен астам отандық баспаның 300-ге жуық кітабы ұсынылды. Жәрмеңкеге 30-дан астам қазақстандық баспагерлер мен әдебиет саласының өкілі қатысты.
09-10-2026
Франкфурттегі кітап жәрмеңкесінде 300-ге жуық қазақстандық кітап таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында «Frankfurter Buchmesse 2026» 78-ші халықаралық кітап жәрмеңкесі өтіп жатыр. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жәрмеңкеде үшінші жыл қатарынан Қазақстанның ұлттық стенді ұйымдастырылды.
29-09-2026
ҚазҰУ студенттеріне Ұлттық мемлекеттік кітап палатасында арнайы шеберлік сағаты өткізілді
29-09-2026
«Жылдың 10 оқырманы» жобасының жеңімпаздарына 10 млн теңгеден беріледі
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Жылдың 10 оқырманы» республикалық жобасына арналған брифинг өтті.
07-09-2026
Қазақстан халықаралық кітап байқауында тоғыз жүлделі орынға ие болды
Қазақстандық баспалар ұсынған кітаптар Минск қаласында өткен XXIII «Искусство книги – 2026» халықаралық байқауында тоғыз жүлделі орынды иеленді. Байқау нәтижесі бойынша отандық авторлардың кітаптары екі бірінші, төрт екінші және үш үшінші орынды иеленді.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2026 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ