Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Басты бет / Жаңалықтар / Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына орай ҚазҰу журналистика факультеті студенттерімен “QUIZ”ойыны өтті
Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына орай ҚазҰу журналистика факультеті студенттерімен “QUIZ”ойыны өтті
09-02-2026

►Ұйымдастырылған QUIZ ойыны — ақын мұрасын ұлықтауға, жас ұрпақтың поэзияға деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталған мазмұнды зияткерлік шара болды. Іс-шара барысында “Баспа ісі” мамандығында білім алушыларға ҚР Ұлттық кітап палатасына жұмысқа орналасу бойынша толық ақпарат берілді.

Сайыс барысында қатысушылар Мұқағали шығармашылығын терең меңгергенін, өлеңдерінің мазмұны мен мағынасын жан-жақты түсінетінін, поэзияға деген құрметі мен білімін, тапқырлығы мен ұйымшылдығын жоғары деңгейде көрсетті. Әр кезеңде қойылған сұрақтар тек ақын өмірі мен шығармашылығын ғана қамтып қоймай, Қазақстан тарихы, мәдениеті мен руханиятына қатысты білімді де талап етті.
Қатысушылар ұлттық құндылықтарды дәріптеп, әдеби мұраға деген ерекше ықыласын танытты. Олардың белсенділігі мен білім деңгейі, ой ұшқырлығы мен топтық бірлігі сайыстың көркін арттырып, мазмұнын тереңдете түсті.
Бұл QUIZ ойыны жастардың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, рухани дүниетанымын кеңейтуге, ұлттық мәдениет пен тарихқа деген құрметін нығайтуға ықпал етті. Мұқағали мұрасы арқылы өскелең ұрпақтың санасына отансүйгіштік пен рухани байлықтың маңызын сіңіруге мүмкіндік берді.
Басқа жаңалықтар
13-10-2026
Қазақстан әдебиеті Германиядағы ірі кітап жәрмеңкесінде таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында Frankfurter Buchmesse 2026 халықаралық кітап жәрмеңкесі өтті. Қазақстанның ұлттық стендінде 15-тен астам отандық баспаның 300-ге жуық кітабы ұсынылды. Жәрмеңкеге 30-дан астам қазақстандық баспагерлер мен әдебиет саласының өкілі қатысты.
09-10-2026
Франкфурттегі кітап жәрмеңкесінде 300-ге жуық қазақстандық кітап таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында «Frankfurter Buchmesse 2026» 78-ші халықаралық кітап жәрмеңкесі өтіп жатыр. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жәрмеңкеде үшінші жыл қатарынан Қазақстанның ұлттық стенді ұйымдастырылды.
29-09-2026
ҚазҰУ студенттеріне Ұлттық мемлекеттік кітап палатасында арнайы шеберлік сағаты өткізілді
29-09-2026
«Жылдың 10 оқырманы» жобасының жеңімпаздарына 10 млн теңгеден беріледі
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Жылдың 10 оқырманы» республикалық жобасына арналған брифинг өтті.
07-09-2026
Қазақстан халықаралық кітап байқауында тоғыз жүлделі орынға ие болды
Қазақстандық баспалар ұсынған кітаптар Минск қаласында өткен XXIII «Искусство книги – 2026» халықаралық байқауында тоғыз жүлделі орынды иеленді. Байқау нәтижесі бойынша отандық авторлардың кітаптары екі бірінші, төрт екінші және үш үшінші орынды иеленді.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2026 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ