Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / 1 наурыз – Алғыс айту күні
1 наурыз – Алғыс айту күні
01-03-2021
Қазақстан халқы 2016 жылдың 1 наурызынан бастап Алғыс айту күні мерекесін атап өтіп келеді. Осыдан тура бес жыл бұрын бұл мерекені Елбасы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күніне орай бекіткен еді. 
Еліміз жүздеген ұлттар мен ұлыстардың тату-тәтті күн кешетін мекеніне айналды. Адамның ең үлкен құндылық саналып, демократиялық принциптердің беки түсуі, адам құқықтарының қатаң сақталуы, халықаралық шеңбердегі абырой-беделіміз – Тәуелсіздік жылдарының жемісі. 

Өткен ғасырдағы қысылтаяң уақыттарда бір-бірін жат санап жатырқамай, кішкентай баспанасын, аз ғана ас-ауқатын бөліскен қазақ халқына өзге ұлт өкілдерінің айтар алғысы шексіз. Олардың арасынан шығып, мемлекет пен халық мүддесіне жұмыс істеп жүрген, Қазақстан Республикасының патриот азаматтарына біз де алғыс білдіреміз. 

Өткен жыл адамзат үшін аса ауыр әрі нәубетті жыл болды. Жер жүзінде миллиондаған адам коронавирус инфекциясынан қаза тапты. Кей елдерде мәйіт жерлеуге мұршасы келмейтін ауыр жағдай орнады. Өкінішке орай, індет Қазақстанды да айналып өтпеді. Коронавирус пен коронавирус белгілері бар пневмония дертіне 270 мыңға жуық қазақстандық шалдығып, оның 3 мыңнан астамы дүниеден озды. 
Алғыс айту мерекесі күні қарсаңында қазақстандықтар осы індет қарсаңында алдыңғы шепте халық денсаулығын қорғап, қасқайып тұрып қызмет еткен медицина қызметкерлеріне шын жүректен алғысын білдіреді. 

Елдің атқамінер азаматтарына, оның ішінде эпидемиологиялық жағдай шиеленіскен кезеңде халық үшін тер төккен тұлғаларға жұртының ықылас-пейілі ерекше, жаудырар рахметі мол. 

Пандемия жағдайында да мемлекеттік мекемелер жұмысы тоқтаған жоқ. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан Жазушылар Одағымен біріге отырып «Балаларға арналған үздік шығарма» байқауын өткіздік. Ауыр кезеңде балалар авторларын қолдау мақсатында ұйымдастырылған бәйгеге ат қосқан қаламгерлер қатары қалың болды. 
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың балалар әдебиетін дамыту туралы бастамасын жүзеге асыруға бағытталған байқауға қолдау көрсеткені үшін Ақтоты Рахметоллақызына алғыс білдіреміз!

Көктемнің алғашқы күнінде халық үшін күндіз-түні қызмет етіп жатқан барлық саланың өкілдеріне алғыс айтсақ жарасады. 
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының ұжымы мемлекет басшылығына, сала басшылығына, салалас мекемелердің ұжымдарына, әдебиет, мәдениет және өнер саласының қайраткерлеріне, баспагерлер мен авторларға алғыс білдіреді!
Басқа жаңалықтар
20-02-2026
Қазақ әдебиеті ЗИЯЛЫ
Қазақ ұғымында көшелі істің басында жүріп, елдің тағдыршешті жұмыстарына ешкімнің нұсқауынсыз білек сыбана кірісер азаматтар «зиялы» деп танылады. Кейінгі кездері осы анықтама көп кісінің атына тіркесіп жүр. Лайым, қоғамда зиялы адамдар көп болғай. Ал, шындығында, шын зиялылар кім?!. Көзіміз көріп, еңбегін бағып жүрген бір шоғыр азаматтарды танимыз, білеміз, биіктігі мен ірілігіне сүйсінеміз  ​​​​​​​
19-02-2026
«Кітап және кітапхана ісі туралы заң»
Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы ғимаратында отандық баспалар мен кітапхана ісі мамандарының қатысуымен «Кітап және кітапхана ісі туралы заң» тақырыбында маңызды жиын өтті.
10-02-2026
«Конституциялық реформа – құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамды дамытудың негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға Баспагерлер, полиграфистер және кітап таратушылар ассоциациясы мүшелері, баспагерлер мен кітап саласының мамандары қатысты. Кездесудің басты мақсаты – елімізде ұсынылып отырған конституциялық өзгерістердің құқықтық мемлекет қалыптастырудағы рөлін талқылау және бұл реформалардың азаматтық қоғам мен шығармашылық-интеллектуалдық салаларға ықпалын саралау болды. Дөңгелек үстел аясында Салменбаева Толқын Тұрғалиқызы, ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы директор орынбасары, «Конституциялық өзгерістер» тақырыбында баяндама жасап, ұсынылып отырған жаңашылдықтардың құқықтық орта мен салалық қызметке әсері туралы жан-жақты тоқталды.
09-02-2026
Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына орай ҚазҰу журналистика факультеті студенттерімен “QUIZ”ойыны өтті
Ұйымдастырылған QUIZ ойыны — ақын мұрасын ұлықтауға, жас ұрпақтың поэзияға деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталған мазмұнды зияткерлік шара болды. Іс-шара барысында “Баспа ісі” мамандығында білім алушыларға ҚР Ұлттық кітап палатасына жұмысқа орналасу бойынша толық ақпарат берілді.
01-02-2026
Қазақстандағы конституциялық өзгерістер: университет қауымдастығының ұстанымы
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2026 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы