Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Басты бет / Жаңалықтар / Қазақстан халықаралық кітап байқауында тоғыз жүлделі орынға ие болды
Қазақстан халықаралық кітап байқауында тоғыз жүлделі орынға ие болды
07-09-2026

Қазақстандық баспалар ұсынған кітаптар Минск қаласында өткен XXIII «Искусство книги – 2026» халықаралық байқауында тоғыз жүлделі орынды иеленді. Байқау нәтижесі бойынша отандық авторлардың кітаптары екі бірінші, төрт екінші және үш үшінші орынды иеленді.

«Моя страна» номинациясында Қымбат Қараеваның «Көшпенділер ойындары» кітабы, ал «Наука и образование» номинациясында Кенжехан Матыжановтың «Абай» үш томдығы бірінші орын алды.

Екінші орынға Ерлан Қожабаевтың «Қазақ оюлары», Нелли Бубэнің «Амандос Ақанаевтың ғаламы. Суретшілер әулеті», Кәдірбек Сегізбайұлының «Қазақы дастархан» және Айдархан Жадыковтың «Герои-Казахстанцы. Краткий библиографический справочник» кітаптары ие болды.

Үшінші орыннан Марат Әзілхановтың «Ветераны Ассамблеи народа Казахстана», Сейіт Кенжеахметұлының «Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары» және Баянғали Әлімжановтың «Абылай хан мен батырлар» атты кітаптар көрінді.

Сонымен қатар Гүлмира Амандықованың «Абай Құнанбайұлының қара сөздері. Ұрпаққа ұлағат» кітабы үшін номинант дипломы табысталды. Ал Ә.Дүзелхановтың «Момунбай и семеро разбойников. По мотивам казахской народной сказки», Максим Зверевтің «Золотой сайгак» және Жүсіпбек Қорғасбектің «Кельндағы көкжал» кітаптарына арнайы дипломдар табысталды.

Жалпы Қазақстан байқаудың негізгі номинацияларына 10 кітап, ал арнайы дипломдарға үш басылым ұсынды.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Басқа жаңалықтар
13-10-2026
Қазақстан әдебиеті Германиядағы ірі кітап жәрмеңкесінде таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында Frankfurter Buchmesse 2026 халықаралық кітап жәрмеңкесі өтті. Қазақстанның ұлттық стендінде 15-тен астам отандық баспаның 300-ге жуық кітабы ұсынылды. Жәрмеңкеге 30-дан астам қазақстандық баспагерлер мен әдебиет саласының өкілі қатысты.
09-10-2026
Франкфурттегі кітап жәрмеңкесінде 300-ге жуық қазақстандық кітап таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында «Frankfurter Buchmesse 2026» 78-ші халықаралық кітап жәрмеңкесі өтіп жатыр. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жәрмеңкеде үшінші жыл қатарынан Қазақстанның ұлттық стенді ұйымдастырылды.
29-09-2026
ҚазҰУ студенттеріне Ұлттық мемлекеттік кітап палатасында арнайы шеберлік сағаты өткізілді
29-09-2026
«Жылдың 10 оқырманы» жобасының жеңімпаздарына 10 млн теңгеден беріледі
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Жылдың 10 оқырманы» республикалық жобасына арналған брифинг өтті.
10-08-2026
«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына өтінім қабылдау жалғасып жатыр.
Бұл – қазақ әдебиетінің дамуына үлес қосып жүрген талантты авторлардың шығармашылығын қолдауға және үздік туындыларды дәріптеуге бағытталған маңызды жоба.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2026 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ