Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Басты бет / Жаңалықтар / «Балаларға арналған үздік шығарма» байқауының қорытындысы
«Балаларға арналған үздік шығарма» байқауының қорытындысы
07-12-2020

Бүгін Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының ғимаратында «Балаларға арналған үздік шығарма» байқауы қорытындыланды. Балалар қаламгерлерін қолдау және балалар әдебиетін дамыту мақсатында үш ай бұрын жарияланған байқауға 200-ден астам автордың 300-ге жуық шығармасы қабылданды. 
«Балаларға арналған үздік шығарма» байқауының 1-орын жеңімпаздарын құттықтау үшін арнайы Нұр-Сұлтан қаласынан Тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары Айнұр Мырзабекова қатысып, ҚР Мәдениет және спорт министрінің Алғыс хатын табыстады. 
«Барша жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймын. Мемлекеттік деңгейде көтерілген проблеманы шешуді жылдам қолға алып, өз уақытында жүзеге асыруға алғашқы қадам жасаған Ұлттық мемлекеттік кітап палатасына алғыс білдіремін! Үш жүзге тарта шығарма келіп түскен байқау бұдан әрі ел игілігіне жұмыс істеу үшін мықты шығармалардан арнайы жинақ құрастыру керек, сонымен қатар, дәл осы «Балаларға арналған үздік шығарма» байқауын жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырып отыру қажет», - деді Тіл саясаты комитетінің төраға орынбасары.
Сонымен қатар, бүгінгі шараға Сарапшы комиссия төрағасы, ақын Бауыржан Жақып қатысып, байқау туралы сөз сөйледі. 
«Бұл байқаудың бағыты да, мән-мазмұны да ерекше болды. Қатысушылар санымен де айрықша бағалауға болады. Соңғы жылдары балалар шығармасы бойынша өткен байқаулардың алдыңғы қатарында дәл осы бәйгенің болары анық», - деді ол. 
Белгілі ұстаз, Қазақстанның Еңбек Ері Аягүл Миразова «Балаларға арналған үздік шығарма» байқауының үш санат бойынша екінші орын алған жеңімпаздарын марапаттап, жылы лебізін білдірді. 
«Қадірлі қонақтар! Бала – ұлттың болашағы, ұлт болашағының жарқын болуына кепілдік – кітап. Мына Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы мен Жазушылар Одағының ұйымдастырып, үш ай бойы шығармаларды жинақтап, бүгін қорытындылап отырған байқауы – өте игі іс. Ел үшін атқарған істеріңнің жемісін көріңдер. Жүлдегерлерге, барлық қатысушыларға шығармашылық табыстар тілеймін», - деді ол. 
Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет «Балаларға арналған үздік шығарма» байқауында үш санат бойынша үшінші орын алған үш жеңімпазды марапаттады. 
«Әдеби ортада кейіндеп қалған саланың бірі – осы балалар әдебиеті. Президенттен бастап, депутаттар да осы мәселені көтерген еді. Міне, Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы мен Жазушылар Одағы бірігіп, осындай кең ауқымды бәйге ұйымдастырды, жаңа есімдерді жарыққа шығарды», - деді ол. 
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының директоры өз кезегінде бірнеше қатысушының еңбегін бағалау мақсатында ынталандыру сыйлығы есебінде Алғыс хаттар тағайындағанын айтты. 
«Байқауға шығармалар көп келді. Біз алғашында бекіткен тоғыз орын қатысушыларды түгел қамти алмаған соң бірнеше қатысушы азаматқа Алғыс білдіруді жөн санадық. Дәл осы байқау келесі жылы да өткізіледі, ауқымы кеңейіп, қоры молайы өтеді. Алдағы бәйгелерде сіздерге жеңіс тілеймін!» - деді ол. 
Мінберге көтерілген құрметті қонақтар Есенғали Раушанов пен Мереке Құлкенов, бірінші орын иегерлері Ақылбек Шаяхметов, Көсемәлі Сәттібай, Айгүл Кемелбаевалар сөз сөйлеп, ыстық лебізін білдірді. 
«БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҮЗДІК ШЫҒАРМА» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ
І санат бойынша: 
                   1-орын: Ақылбек Шаяхметов (200 000 теңге)
                   2-орын: Серікбай Оспанов (100 000 теңге)
                   3-орын: Ернұр Сейдахмет (50 000 теңге)
ІІ санат бойынша:
                   1-орын: Көсемәлі Сәттібайұлы (200 000 теңге)
                   2-орын:Байділдә Айдарбек (100 000 теңге)
                   3-орын: Гүлжан Амангелдіқызы (50 000 теңге)
ІІІ санат бойынша: 
                   1-орын: Айгүл Кемелбаева (200 000 теңге)
                   2-орын: Ертай Ашықбаев (100 000 теңге)
                   3-орын: Қайым-Мұнар Табеев (50 000 теңге)
 


 
Басқа жаңалықтар
13-10-2026
Қазақстан әдебиеті Германиядағы ірі кітап жәрмеңкесінде таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында Frankfurter Buchmesse 2026 халықаралық кітап жәрмеңкесі өтті. Қазақстанның ұлттық стендінде 15-тен астам отандық баспаның 300-ге жуық кітабы ұсынылды. Жәрмеңкеге 30-дан астам қазақстандық баспагерлер мен әдебиет саласының өкілі қатысты.
09-10-2026
Франкфурттегі кітап жәрмеңкесінде 300-ге жуық қазақстандық кітап таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында «Frankfurter Buchmesse 2026» 78-ші халықаралық кітап жәрмеңкесі өтіп жатыр. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жәрмеңкеде үшінші жыл қатарынан Қазақстанның ұлттық стенді ұйымдастырылды.
29-09-2026
ҚазҰУ студенттеріне Ұлттық мемлекеттік кітап палатасында арнайы шеберлік сағаты өткізілді
29-09-2026
«Жылдың 10 оқырманы» жобасының жеңімпаздарына 10 млн теңгеден беріледі
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Жылдың 10 оқырманы» республикалық жобасына арналған брифинг өтті.
07-09-2026
Қазақстан халықаралық кітап байқауында тоғыз жүлделі орынға ие болды
Қазақстандық баспалар ұсынған кітаптар Минск қаласында өткен XXIII «Искусство книги – 2026» халықаралық байқауында тоғыз жүлделі орынды иеленді. Байқау нәтижесі бойынша отандық авторлардың кітаптары екі бірінші, төрт екінші және үш үшінші орынды иеленді.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2026 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ