Кітап палатасы баспасөз статистикасын 1957 жылдан бастап жүргізіп келеді. Баспасөз стаистикасы бөлімі республикада баспасөз ісін дамытуға қажетті негізгі көрсеткіштерді беріп отырады.
1958 жылы “Қазақ ССР баспасөзі-Печать Казахстана” деген атпен 1921-1957 жылдар арасын қамтитын бірінші статистикалық жинақты сол кездегі палата директоры Е.Нығметов құрастырып шығарды.
1964 жылдан бері статистикалық материалдар жыл сайын жарияланып келеді. 1970-1972 жылдары “Қазақ ССР кітаптары жылнамасында” жарияланды. Ал 1975 жылдан бастап дербес басылым болып шығып келеді. Әр басылымның түріне қарай статистикалық есебі жүргізіледі.
Статистикалық жинақтарда республиканың баспа қызметін сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштер болады, сол сияқты тақырыптық, арнаулы мақсаттық бөлімдер бойынша, әрбір баспа мен министрліктер бойынша мәліметтер беріледі. Бөлімге келіп түскен баспасөз өнімдерінің түр-түрінің тегін міндетті даналарына, кітаптар мен кітапшаларға, ноталарға, бейнелеу өнері, автотефераттар, картография, электрондық басылымдарына сипаттама жазылып, жіктелінеді. Барлық басылымдарға өңдеу жұмысы жүргізіледі.
Барлық баспасөз өнімдеріне статистикалық есеп жүргізіліп, тексеріледі. Сол сияқты тақырыптық, арнаулы мақсаттық бөлімдер бойынша, тілі, жанры бойынша, әрбір баспа мен басып шығаратын мекемелер бойынша статистикалық кесте жасалынады және өңделінеді.
Кітап өнімдері жайлы статистикалық мәліметтердің дұрыс болуы Кітап палатасына келіп түсетін баспасөздің міндетті даналарына байланысты. Кітап өнімдерінің міндетті даналарының толық келіп түсуін “Кітап өнімдерінің басылымы жайлы мәлімметтер” (форма 1-И) есебімен тексеріліп барылады. Әр тоқсанда статистикалық кесте шығарылады (тоқсандық, жарты жылға, 9 айға, жылдық) және өңделіп тексеріледі.
Жаңадан келіп түскен газет, журнал, бюллетень, жинақтар компьютерге кіргізіледі, толық сыпаттама жазылады (аты, құрылтайшысы, шыққан жылы, шыққан жері, мерзімділігі және басқа мәліліметтер), тақырыптық, арнаулы мақсаттық бөлімдер бойынша жіктелінеді. Барлық мерзімді және жалғасты басылымдарға статистикалық мәліметтер кіргізіледі және өңделіп тексеріледі.
Министрлікке, ғылыми-зерттеу мекемелерге, кітапханаларға, жеке адамдар сұрауы бойынша жазбаша және ауызша анықтамалар беріп отырылады.
Жылдың аяғында республика баспасөз ісін дамытуға қажетті баспа қызметін сипаттайтын сандық және сапалық негізгі көрсеткіш шығарылады. Қолжазба тексеріледі және өңделінеді. Шыққан баспасөз өнімдеріне алдыңғы шыққан жылмен салыстырып, қорытынды жасалды.