"Баспа мұрағаты" бөлімі – Кітап палатасына жыл сайын Республика аумағында шыққан газет, журнал, кітаптар, кітапшалар, бейнелеу өнері басылымдары, карталар, аудио-видео бейне таспалар, күнтізбелер мен альбомдардың бір данасы келеді. Осы басылымдарды Баспасөз мұрағат бөлімі қажетті библиографиялық тіркеуден өткізіп, мұрағат қорына мәңгілік сақтауға қабылдайды. Баспасөз мұрағат бөлімнің қоры жыл сайын ұлғайып келеді. Қазіргі уақытта баспа мұрағаты қорында 4 485 707 дана баспа өнімі сақталуда. Қордың негізі 1937 жылдан басталады. Осы жылға дейінгі баспа өнімдері кітап палатасының қызметкерлерінің ізденісі нәтижесінде жинақталған. Баспасөз мұрағат бөлімі қорды сақтау барысында мемлекет¬аралық стандарттар жүйесін қолданады: – «Ақпарат, кітапхана және баспа ісі туралы стандарттар жүйесін» (СИБИД) • ГОСТ 7.1-2003. «Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипат-тама. Жалпы тәртібі және библиографиялық жазылу ережесі» • ГОСТ 7.12-93 «Библиографиялық жазба. Орыс тіліндегі қысқарған сөздер. Жалпы тәртібі және библиографиялық жазылу ережесі» • ГОСТ 7.60-2003 "Басылым. Негізгі түрлері. Терминдер мен анық-тамалар"