Әкімшілік бөлім Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің "Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы" республикалық мемлекеттік мекемесі ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылады және қызметті ұйымдастырушылық, кадрлық, экономикалық және құжаттамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады
1. Кадрлық жұмыс
Әкімшілік бөлім келесі қызметтерді жүзеге асырады:
- еңбек заңнамасына сәйкес кадрлық іс жүргізуді ұйымдастыру;
- қызметкерлерді жұмысқа қабылдау, ауыстыру және жұмыстан босатуды рәсімдеу;
- еңбек шарттарын, қосымша келісімдерді, жеке құрам бойынша бұйрықтарды дайындау;
- қызметкерлердің жеке істерін және еңбек кітапшаларын жүргізу;
- жұмыс уақытын есепке алу, демалыстарды, іссапарларды, уақытша еңбекке жарамсыздық парақтарын рәсімдеу;
- уәкілетті мемлекеттік органдарға есептілікті дайындау;
- қызметкерлерді аттестаттауды, оқытуды және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
- қызметкерлерге еңбек заңнамасы мәселелері бойынша кеңес беру.
2. Мемлекеттік сатып алу саласындағы жұмыс
Бөлім:
- тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жоспарлауды;
- сатып алу құжаттамасын дайындауды және орналастыруды;
- жеткізушілермен және уәкілетті органдармен өзара іс-қимылды;
- заңнамада белгіленген тәртіппен сатып алу рәсімдерін сүйемелдеуді;
- шарттарды дайындауды және олардың орындалуын бақылауды;
- мемлекеттік сатып алу бойынша есептілікті жүргізуді;
- сатып алу саласындағы заңнама талаптарының сақталуын және ашықтықты қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат аясында бөлім:
- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу жұмыстарын ұйымдастырады;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы есептерді жинақтауды және дайындауды жүзеге асырады;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттардың сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді;
- қызметкерлер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ішкі нормативтік актілерді әзірлеуге қатысады;
- бақылаушы және қадағалаушы органдармен өзара іс-қимыл жасайды.
4. Шаруашылық қызмет
Шаруашылық бөлімінің функционалына мыналар кіреді:
- ұйымды жиһазбен, техникамен, кеңсе және шаруашылық тауарларымен қамтамасыз ету;
- ғимараттар мен жабдықтардың техникалық жай-күйін бақылау;
- ағымдағы жөндеу жұмыстарын және ғимараттарға қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
- санитариялық және өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын бақылау;
- көлік қызметін ұйымдастыру ;
- мекеменің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін ұйымдастыру;
- материалдық құндылықтарды есепке алу және олардың пайдаланылуын бақылау.