Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады және баспасөз мұрағаты бойынша анықтамалық-библиографиялық және іздестіру жұмыстарын жүзеге асырады.
Бөлімнің негізгі қызметі – кітап және баспа өнімдері туралы ақпаратты жүйелеу, сақтау және қолжетімділігін қамтамасыз ету. Осы мақсатта бөлім картотекалар мен каталогтарды жүргізеді және толықтырады, библиографиялық көрсеткіштерді құрастырады, материалдарды жіктейді және ғылыми-әдістемелік талаптарға сәйкес өңдейді.
Бөлім мемлекеттік органдардың, баспалардың, ғылыми ұйымдардың және жеке тұлғалардың сұраныстары бойынша библиографиялық, тақырыптық және өзге де анықтамалық ақпараттар ұсынады. Сонымен қатар электрондық деректер базасын қалыптастырып, ақпараттық жүйелермен жұмыс жүргізеді.
Бөлім қызметі кітап ісі саласындағы ақпараттық ресурстарды жүйелеуге, ұлттық библиографияны дамытуға және салалық деректердің толықтығы мен нақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған.