Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Басты бет / Жаңалықтар / Әділбек Қаба Кітап палатасының ұжымымен кездесті
Әділбек Қаба Кітап палатасының ұжымымен кездесті
10-09-2020
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің жаңа төрағасы Әділбек Күнесханұлы Қаба ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының және Шайсұлтан Шаяхметов  «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының қызметкерлерімен кездесті. 
ZOOM платформасы арқылы өткен онлайн басқосуда Әділбек Қаба, Әлібек Асқар, Ербол Тілешов, Толқын Салменбаева баяндама жасады. Тіл саясаты комитетінің төрағасы Әділбек Күнесханұлы алдағы жоспарлар туралы пікірін білдіріп, кез келген жобаны жүзеге асыруға көмек беруге дайын екенін жеткізді. 
ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы директорының орынбасары Толқын Тұрғалиқызы мекеменің тыныс-тіршілігі, атқарылған шаралар мен жүзеге асырылып жатқан жобалар, алдағы жоспарлар туралы сөз қозғады. 
«Кітап палатасында Әділ Қаженбайұлының бастамасымен бірнеше жобалар жүзеге асты. Оның қатарында Қазақстан Жазушылар Одағының мүшелеріне жеке веб-сайт ашып беруге мүмкіндік берген «Smart Qalamger» жобасы, әлі күнге дейін жалғасып келе жатқан «Асыл сөз» сұхбат жобасы бар. Сонымен қатар балалар шығармашылығымен айналысып жүрген қаламгерлерді қолдау мақсатында «Лучший балалар шығармасы» байқауын жарияладық. Қазақ балалар әдебиетінің «Алтын қорын» құру жобасы да жүзеге асырылуда», - деді ол. 
Әділбек Күнесханұлы өз кезегінде ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасындың «Баспасөз мұрағатындағы» ахуал туралы сұрап, қажет көмекпен қамтамасыз етуге мүдделі екенін айтты. 
«Кітап палатасында еліміздің көлемінде жарық көрген бүкіл басылымның міндетті даналары сақталған. Оларды цифрландыру мәселесіне көңіл аударуымыз қажет. Өйткені қағаз мәңгі өмір сүрмейді. Заман ықпалына қарай бейімделіп отыруға міндеттіміз. Қажеттіліктер туралы хат жолдасаңыздар, барынша көмек беруге тырысамыз», - деді төраға. 
Кездесу барысында «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының директоры Әлібек Асқар мен орталықтық атқарушы директоры Ербол Тілешов тіл мәселесі, латын әліпбиі тақырыбындағы жаңалықтарымен бөлісті. 
Фотоgalereya



 
Басқа жаңалықтар
13-10-2026
Қазақстан әдебиеті Германиядағы ірі кітап жәрмеңкесінде таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында Frankfurter Buchmesse 2026 халықаралық кітап жәрмеңкесі өтті. Қазақстанның ұлттық стендінде 15-тен астам отандық баспаның 300-ге жуық кітабы ұсынылды. Жәрмеңкеге 30-дан астам қазақстандық баспагерлер мен әдебиет саласының өкілі қатысты.
09-10-2026
Франкфурттегі кітап жәрмеңкесінде 300-ге жуық қазақстандық кітап таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында «Frankfurter Buchmesse 2026» 78-ші халықаралық кітап жәрмеңкесі өтіп жатыр. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жәрмеңкеде үшінші жыл қатарынан Қазақстанның ұлттық стенді ұйымдастырылды.
29-09-2026
ҚазҰУ студенттеріне Ұлттық мемлекеттік кітап палатасында арнайы шеберлік сағаты өткізілді
29-09-2026
«Жылдың 10 оқырманы» жобасының жеңімпаздарына 10 млн теңгеден беріледі
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Жылдың 10 оқырманы» республикалық жобасына арналған брифинг өтті.
07-09-2026
Қазақстан халықаралық кітап байқауында тоғыз жүлделі орынға ие болды
Қазақстандық баспалар ұсынған кітаптар Минск қаласында өткен XXIII «Искусство книги – 2026» халықаралық байқауында тоғыз жүлделі орынды иеленді. Байқау нәтижесі бойынша отандық авторлардың кітаптары екі бірінші, төрт екінші және үш үшінші орынды иеленді.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2026 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ