Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Басты бет / Жаңалықтар / Авторлық құқық жөніндегі онлайн-семинар өтті
Авторлық құқық жөніндегі онлайн-семинар өтті
15-06-2021
Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Архив ісі және құжаттаманы басқару комитеті Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы мен Қазақстан Баспагерлер, полиграфистер және кітап таратушылар Ассоциациясының ұйымдастыруымен, ҚР Әділет министрлігінің және осы министрлікке қарасты Ұлттық зияткерлік меншік институты мамандарының, баспагерлердің және авторлардың қатысуымен авторлық құқық жөніндегі онлайн-семинар өтті. 

Онлайн-семинардың басты мақсаты – Қазақстан Республикасының баспа ісі саласындағы авторлық және сабақтас құқықтар жөніндегі шешімі шиеленіскен негізгі мәселелері туралы Ұлттық зияткерлік меншік инстиуты мен Қазақстан Баспагерлер, полиграфистер және кітап таратушылар Ассоциациясының мүшелігіндегі баспа өкілдерінің тікелей кездесуін ұйымдастырып, өзекті сұрақтарды талқылау және баспа саласындағы жетекші мекемелердің қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыру.

Іс-шараға еліміздің жетекші баспаларының өкілдері, Ұлттық зияткерлік меншік институтының Авторлық құқық басқармасының басшысы Раушан Аввалова, Қазақстан Жазушылар Одағының басқарма төрағасының бірінші орынбасары Мереке Құлкенов, Қазақстан Баспагерлер, полиграфистер және кітап таратушылар Ассоциациясының вице-президенті Алмаз Шәйкен және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Онлайн-семинарға 50-ге жуық адам қатысып, ондаған жеке сұрақтар қойылды, бірнеше мәселе көтерілді. 

Жиын барысында авторлар мен баспагерлер ҚР Әділет министрлігі мен оған қарасты мекемелердің өкілдеріне көкейтесті сұрақтарын қойып, бірқатар өзекті мәселелер талқыланды. 

Басқосу соңында тараптар осы онлайн-семинарды белгілі бір уақыт межесінде жүйелі түрде өткізіп тұруға және талқыланған мәселелер бойынша нақты жұмыстар істеуге уағдаласты. 

Іс-шара туралы толық сараптама материалдар алдағы уақытта еліміздің жетекші басылымдарында жарық көреді.
Басқа жаңалықтар
13-10-2026
Қазақстан әдебиеті Германиядағы ірі кітап жәрмеңкесінде таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында Frankfurter Buchmesse 2026 халықаралық кітап жәрмеңкесі өтті. Қазақстанның ұлттық стендінде 15-тен астам отандық баспаның 300-ге жуық кітабы ұсынылды. Жәрмеңкеге 30-дан астам қазақстандық баспагерлер мен әдебиет саласының өкілі қатысты.
09-10-2026
Франкфурттегі кітап жәрмеңкесінде 300-ге жуық қазақстандық кітап таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында «Frankfurter Buchmesse 2026» 78-ші халықаралық кітап жәрмеңкесі өтіп жатыр. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жәрмеңкеде үшінші жыл қатарынан Қазақстанның ұлттық стенді ұйымдастырылды.
29-09-2026
ҚазҰУ студенттеріне Ұлттық мемлекеттік кітап палатасында арнайы шеберлік сағаты өткізілді
29-09-2026
«Жылдың 10 оқырманы» жобасының жеңімпаздарына 10 млн теңгеден беріледі
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Жылдың 10 оқырманы» республикалық жобасына арналған брифинг өтті.
07-09-2026
Қазақстан халықаралық кітап байқауында тоғыз жүлделі орынға ие болды
Қазақстандық баспалар ұсынған кітаптар Минск қаласында өткен XXIII «Искусство книги – 2026» халықаралық байқауында тоғыз жүлделі орынды иеленді. Байқау нәтижесі бойынша отандық авторлардың кітаптары екі бірінші, төрт екінші және үш үшінші орынды иеленді.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2026 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ