Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Басты бет / Жаңалықтар / «Бөрте» Австралияға жол тартады
«Бөрте» Австралияға жол тартады
19-07-2022

2022 жылдың 4 қазанында Австралияның Мельбурн қаласында «Бөрте - әлем ханшасы» спектаклінің тұсауы кесілмек. Сахналық қойылым жазушы, драматург Дулат Исабековтың танымал пьесасының негізінде құрылған. Қазір дайындық жұмыстары қыза түскен.

 «Еуропалық драматургтер өз шығармаларында ондаған жылдар бойы тек ер адамдарды бас кейіпкер етуді әдетке айналдырған. Әйел образы жоқтың қасы деуге болады. Олар үшін Бөрте – сенсация, тың жаңалық. Шыңғысханды жақсы біледі. Бөрте жайында білетіні аз ғана. Сондықтан олар пьессаны жай ғана «Бөрте» емес, «Бөрте – әлем императрицасы» деп атады. Мен бұл атауды қуана қабылдадым», - дейді жазушы Дулат Исабеков.

Жазушы шығармашылығы шетел оқырманын несімен қызықтырып, қалай баурап алғанын өзі де білмейді. «Табыс кілтінің сыры неде екенін де айту қиын» дейді. Ұлылық қарапайымдылықта екені баршаға мәлім. Енді бір «Транзиттік жолаушы» қойылымын әлемдік театрлар сахналауға асық. Бұл туынды алдымен Санкт-Петербургте, кейін Лондонда өнерсүйер қауымның айызын қандырған еді. Дәл осы қойылым әлем сахналарындағы отандық жазушының тың еңбектерінің шеруіне бастауы болды. Ендігі кезекте – Мельбурн. Күзде австралиялық көрермен тарихи тұлға Бөртенің бейнесін барынша танитын болады.

Басқа жаңалықтар
13-10-2026
Қазақстан әдебиеті Германиядағы ірі кітап жәрмеңкесінде таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында Frankfurter Buchmesse 2026 халықаралық кітап жәрмеңкесі өтті. Қазақстанның ұлттық стендінде 15-тен астам отандық баспаның 300-ге жуық кітабы ұсынылды. Жәрмеңкеге 30-дан астам қазақстандық баспагерлер мен әдебиет саласының өкілі қатысты.
09-10-2026
Франкфурттегі кітап жәрмеңкесінде 300-ге жуық қазақстандық кітап таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында «Frankfurter Buchmesse 2026» 78-ші халықаралық кітап жәрмеңкесі өтіп жатыр. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жәрмеңкеде үшінші жыл қатарынан Қазақстанның ұлттық стенді ұйымдастырылды.
29-09-2026
ҚазҰУ студенттеріне Ұлттық мемлекеттік кітап палатасында арнайы шеберлік сағаты өткізілді
29-09-2026
«Жылдың 10 оқырманы» жобасының жеңімпаздарына 10 млн теңгеден беріледі
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Жылдың 10 оқырманы» республикалық жобасына арналған брифинг өтті.
07-09-2026
Қазақстан халықаралық кітап байқауында тоғыз жүлделі орынға ие болды
Қазақстандық баспалар ұсынған кітаптар Минск қаласында өткен XXIII «Искусство книги – 2026» халықаралық байқауында тоғыз жүлделі орынды иеленді. Байқау нәтижесі бойынша отандық авторлардың кітаптары екі бірінші, төрт екінші және үш үшінші орынды иеленді.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2026 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ