Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Басты бет / Жаңалықтар / Мемлекеттік бағдарлама аясында жарық көрген кітаптар: Қажығали Мұханбетқалиұлының «Тар кезең» романы
Мемлекеттік бағдарлама аясында жарық көрген кітаптар: Қажығали Мұханбетқалиұлының «Тар кезең» романы
20-07-2022

Құрметті оқырман! Бүгіннен бастап сіздерді мемлекеттік бағдарлама аясында жарық көрген кітаптармен таныстыруды бастаймыз.

Назарларыңызға Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қажығали Мұханбетқалиұлының «Тар кезең» романын ұсынамыз. Бұл роман – қазақ әдебиетіндегі шоқтығы биік, қабырғалы туындылардың бірі.

Романда Ресей патшасының Еділ мен Жайық өзендерінің арасындағы аса шұрайлы жайылымдық жерлерді отарлау саясатына қарсы көтерілген елді бастаған әрі батыр, әрі би Сырым Датұлының ерлігі, жорықтары мен саяси ұстанымдары, сол дәуірдегі қазақ даласының жай-күйі көркем суреттеледі.

«Тар кезең» тұтас бір дәуірді, отаршылдық саясатының қанат жайып, тамырлай бастаған кезеңін баяндайды. Кітап мазмұнына қарай танымдық иллюстрациялық материалдармен безендірілген.

Романды оқыған оқырман Сырым Датұлының ұлтарақтай жері үшін жан пида етуге дайын қазақ халқының асқақ рухын, өр мінезін, ақиқат іздеген қауымның жанайқайын айқын сезіне алады.

Роман жеңіл оқылады әрі оқырманды қазақ тарихының тұтас кезеңнің тыныс-тіршілігімен етене таныстырады.

«Тар кезең» романын мына сілтемені басып, оқи аласыз.

Басқа жаңалықтар
10-08-2026
«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына өтінім қабылдау жалғасып жатыр.
Бұл – қазақ әдебиетінің дамуына үлес қосып жүрген талантты авторлардың шығармашылығын қолдауға және үздік туындыларды дәріптеуге бағытталған маңызды жоба.
28-07-2026
XXIII халықаралық «Искусство книги» байқауына 23–24 шілде аралығында Минск қаласында ТМД елдерінің кітап ісі саласындағы арнайы номинациялар бойынша дауыс беру кезеңі өтті.
Аталған кезеңде қатысушы мемлекеттер ұсынған басылымдар әділ қазылар тарапынан жан-жақты қаралып, әр номинация бойынша үздік жұмыстарды анықтау мақсатында дауыс беру рәсімі жүргізілді
28-07-2026
2026 жылғы 22–24 шілде аралығында Беларусь Республикасының Минск қаласында дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Искусство книги» халықаралық байқауы өтті.
Іссапар аясында Асхат Құсайынұлы Беларусь Республикасының кітап ісі мен баспа саласының қызметімен жан-жақты танысты. Сонымен қатар Ұлттық Беларусь кітапханасы мен Беларусь Кітап палатасында болып, мекемелердің негізгі бағыттары, құжаттарды сақтау және ғылыми-библиографиялық жұмыстарымен танысты.
01-07-2026
ҰЛТТЫҚ КІТАП ПАЛАТАСЫНА ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ АТЫНАН ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫҢ АРНАЙЫ БАСЫЛЫМЫ ТАБЫСТАЛДЫ
 Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасына Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атынан еліміздің жаңа Конституциясының арнайы басылымы салтанатты түрде табысталды.
30-06-2026
ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖӘНЕ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы» республикалық мемлекеттік мекемесі мен «М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі арасында ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойылды.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2026 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ