Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Басты бет / Жаңалықтар / Э. Хемингуэйдің қазақ тіліне аударылған таңдамалы туындылары
Э. Хемингуэйдің қазақ тіліне аударылған таңдамалы туындылары
01-08-2022

Хемингуэй шығармаларында адам мен табиғат арасындағы тылсым байланыс байқалады. Өзіндік жазу стилімен ерекшеленеді. Табиғат жаратылысы мен адам психологиясын терең түсінуге аса мән берген. Шығармаларында адамның жай-күйін көркем баяндайды. Жазушы шығармаларының бірсыпырасы қазақ тіліне аударылған.

«Қош бол, майдан» романы (A Farewell to Arms ) 1929 жыл, аударған Құрманғазы Қараманұлы

Америкалық сәулетші Фредерик Генри Италиядағы Бірінші дүниежүзілік соғысқа ерікті ретінде қатысады. Ол лейтенант шеніндегі санитарлық бөлімнің көлік командирі қызметін атқарады. Мұнда Фредерик ағылшын ауруханасының медбикесі Кэтрин Барклаймен кездесіп және олардың бір-біріне деген сезімі пайда болады. Одақтас әскерлердің бірқатар жеңілістері мен шегінуінен кейін көп ұзамай Фредерик америкалық акцентіне байланысты итальяндық дала жандармериясының тыңшылық айыбына ілігеді. Кэтринмен бірге ол бейтарап Швейцарияға қашады. Сөйтіп соғыстан да айыптан да құтылғандай болады. Бірақ қуаныш ұзаққа созылмайды. Фредерикпен қарым-қатынасынан Италияда жүкті болған Кэтрин Швейцария ауруханасында босану кезінде қайтыс болады.

«Килиманджаро – қарлы тау» (The Snows of Kilimanjaro and Other Stories), 1936 жыл, аударған Н. Әбуталиев

Жазушы Гарри Смит африкалық сафариінде тізесін жарақаттап алады. Сол жарасы асқынып Танзаниядағы Килиманджаро тауының етегіндегі шатырда гангренадан өлім аузында жатады. Топтың жүк көлігі бұзылып Гарри емханаға бару үшін ұшақты күтеді. Осы уақыт аралығында ол өзінің шынайы махаббатымен кездескен Испания, Париж туралы, жазушылық қабілетін жойған ұстанымдарына опасыздық жасау туралы ойланады. Осының бәрі мәңгілік сұрақтарға жауап іздеуге әкеліп, кейіпкер дүниеге неліктен келдім, келген екем кімге қандай жақсылық жасай алдым? деп бас қатырады. Шығарма соңында Гарри қайтыс болады.

«Шал мен теңіз» (The Old Man and the Sea), 1952 жыл, аударған Н. Ғабдуллин

«Шал пен теңіз» – 1952 жылы Биминиде, Багам аралында жазылған шағын повесть. Хемингуэйдің көзі тірісінде жарық көрген соңғы көркем шығармасы. Кубалық балықшы қарт Сантьягоның өміріндегі ең үлкен олжаға айналған алып балықпен ашық теңіздегі күресі туралы әңгімелейді. Осы шығармасы үшін жазушыға 1954 жылы "Нобель" сыйлығы берілді.

«Қызығы мол сол жылдар» (A Moveable Feast), 1964 жыл – аударған Н. Әбуталиев

Кітапта жас жазушының алғашқы әдеби тәжірибелері мен 1920 жылдардағы бірінші әйелі Хэдлимен болған өмірі суреттеледі. Париж өмірінің кезеңі туралы автобиографиялық кітап жазу идеясы Хемингуэйге Францияға келгенде туады. Себебі ол жоғалтып алған қолжазбаларын тауып алады. 1956 жылы тамызда Хемингуэй мен әйелі Мэри Уэльс Хемингуэй Еуропаны аралап, қайтып келе жатқан жолда Парижге тоқтайды. Сол жерде жазушыға сонау 1928 жылы Париждегі Ритц қонақ үйінің жертөлесінде ұмытып кеткен екі кішкентай чемоданы қайтарылады. Бұл чемоданда жазушының Франциядағы өмірін сипаттайтын дәптерлер бар еді. Күтпеген жаңалық жазушыны қуантты және ол бұл жұмысын жалғастыруға шешім қабылдайды. Жазушы 1957 жылдың күзінен 1958 жылдың көктеміне дейін «Қызығы мол сол жылдар» деп аталатын естелік кітабын жазады.

Дереккөз: massaget.kz

Басқа жаңалықтар
10-08-2026
«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына өтінім қабылдау жалғасып жатыр.
Бұл – қазақ әдебиетінің дамуына үлес қосып жүрген талантты авторлардың шығармашылығын қолдауға және үздік туындыларды дәріптеуге бағытталған маңызды жоба.
28-07-2026
XXIII халықаралық «Искусство книги» байқауына 23–24 шілде аралығында Минск қаласында ТМД елдерінің кітап ісі саласындағы арнайы номинациялар бойынша дауыс беру кезеңі өтті.
Аталған кезеңде қатысушы мемлекеттер ұсынған басылымдар әділ қазылар тарапынан жан-жақты қаралып, әр номинация бойынша үздік жұмыстарды анықтау мақсатында дауыс беру рәсімі жүргізілді
28-07-2026
2026 жылғы 22–24 шілде аралығында Беларусь Республикасының Минск қаласында дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Искусство книги» халықаралық байқауы өтті.
Іссапар аясында Асхат Құсайынұлы Беларусь Республикасының кітап ісі мен баспа саласының қызметімен жан-жақты танысты. Сонымен қатар Ұлттық Беларусь кітапханасы мен Беларусь Кітап палатасында болып, мекемелердің негізгі бағыттары, құжаттарды сақтау және ғылыми-библиографиялық жұмыстарымен танысты.
01-07-2026
ҰЛТТЫҚ КІТАП ПАЛАТАСЫНА ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ АТЫНАН ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫҢ АРНАЙЫ БАСЫЛЫМЫ ТАБЫСТАЛДЫ
 Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасына Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атынан еліміздің жаңа Конституциясының арнайы басылымы салтанатты түрде табысталды.
30-06-2026
ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖӘНЕ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы» республикалық мемлекеттік мекемесі мен «М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі арасында ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойылды.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2026 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ