Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Басты бет / Жаңалықтар / Алматыда кітап фестивалі өтеді
Алматыда кітап фестивалі өтеді
26-10-2022

Алматы қаласында 5 қарашада «KITAP FEST KIDS» кітап фестивалі өтеді. Биыл 8-ші мәрте өткелі отырған фестиваль барысында қала тұрғындары мен қонақтар кітаптарды жеңілдікпен сатып алып, өзара кітап алмаса алады.

«Пандемия кезінде болмаса, фестиваль жыл сайын өтіп келеді. Шараның негізгі мақсаты – халыққа кітап оқуды кеңінен насихаттау. Екіншіден, әлі танылмаған жас жазушыларға қолдау білдіру, яғни, олардың шығармаларын халыққа ұсыну, өз оқырманын табуға көмектесу. Үшіншіден, баспагерлерді қолдау. Бұл әлемдік кітапфест қауымдастығына кіретін Қазақстандағы жалғыз кітап фестивалі. Ол барлық қатысушылар үшін тегін өтеді»,- дейді Майра Әлжанова.

Спикердің сөзінше, фестиваль биыл балаларға арналады. Сондай-ақ, қазіргі таңда қазақ тіліне аударылған шетелдік әдебиеттерді оқырман жақсы қабылдаған.

«Қазір еліміз жазушыларының кітаптарымен қатар, шет ел әдебиетін қазақ тіліне аударып, жарыққа шығарып жатқан баспа үйлері бар. Мысалы, «Qasym», «Steppe & WORLD Publishing» , «Abay Books», «Meloman Publishing «, басқа да баспа үйлері бар. Олар қазақ тіліне шетелдік әдебиеттерді, атап айтқанда, «Дисней» ертегілерін, Гарри Поттердің 7 томдығын және өзге де кітаптарды аударып, шығарды. Негізі, ТМД елдеріне шетел әдебиеттері Ресей арқылы орыс тілінде тарайды. Оларды қазақ баспа үйлері ана тілімізге аударады. Бұлқуанарлық жағдай«,- деді ол.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Басқа жаңалықтар
01-07-2026
ҰЛТТЫҚ КІТАП ПАЛАТАСЫНА ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ АТЫНАН ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫҢ АРНАЙЫ БАСЫЛЫМЫ ТАБЫСТАЛДЫ
 Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасына Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атынан еліміздің жаңа Конституциясының арнайы басылымы салтанатты түрде табысталды.
30-06-2026
ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖӘНЕ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы» республикалық мемлекеттік мекемесі мен «М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі арасында ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойылды.
26-06-2026
Қазақстан кітапханалар одағының «Жаһандық көзқарас және тұрақты даму: кітапханалардың болашақты құрудағы рөлі» атты кезекті көшпелі отырысы
Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өткізіліп жатқан көшпелі отырыс аясында, Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының директоры Асхат Құсайынұлы Байұзақов «Кітапхана және кітап баспа ісі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша баяндама жасады.
22-06-2026
Софы Қалыбекұлы Сматаев
   ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының ұжымы көрнекті жазушы, драматург, аудармашы, қоғам қайраткері, Кітап палатасының ұзақ жылдар бойы бас директоры болған Софы Сматаевты 85 жас мерейтойымен шын жүректен құттықтайды!
22-06-2026
Кітап палатасы халықаралық кітап көрмесінде Қазақстанның баспа өнімдерін таныстырды
2026 жылғы 17–21 маусым аралығында өткен Азиядағы ең ірі халықаралық кітап форумдарының бірі – Бейжің халықаралық кітап көрмесі табысты қорытындыланды.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2026 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ