Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Басты бет / Жаңалықтар / Алматыда кітап фестивалі өтеді
Алматыда кітап фестивалі өтеді
26-10-2022

Алматы қаласында 5 қарашада «KITAP FEST KIDS» кітап фестивалі өтеді. Биыл 8-ші мәрте өткелі отырған фестиваль барысында қала тұрғындары мен қонақтар кітаптарды жеңілдікпен сатып алып, өзара кітап алмаса алады.

«Пандемия кезінде болмаса, фестиваль жыл сайын өтіп келеді. Шараның негізгі мақсаты – халыққа кітап оқуды кеңінен насихаттау. Екіншіден, әлі танылмаған жас жазушыларға қолдау білдіру, яғни, олардың шығармаларын халыққа ұсыну, өз оқырманын табуға көмектесу. Үшіншіден, баспагерлерді қолдау. Бұл әлемдік кітапфест қауымдастығына кіретін Қазақстандағы жалғыз кітап фестивалі. Ол барлық қатысушылар үшін тегін өтеді»,- дейді Майра Әлжанова.

Спикердің сөзінше, фестиваль биыл балаларға арналады. Сондай-ақ, қазіргі таңда қазақ тіліне аударылған шетелдік әдебиеттерді оқырман жақсы қабылдаған.

«Қазір еліміз жазушыларының кітаптарымен қатар, шет ел әдебиетін қазақ тіліне аударып, жарыққа шығарып жатқан баспа үйлері бар. Мысалы, «Qasym», «Steppe & WORLD Publishing» , «Abay Books», «Meloman Publishing «, басқа да баспа үйлері бар. Олар қазақ тіліне шетелдік әдебиеттерді, атап айтқанда, «Дисней» ертегілерін, Гарри Поттердің 7 томдығын және өзге де кітаптарды аударып, шығарды. Негізі, ТМД елдеріне шетел әдебиеттері Ресей арқылы орыс тілінде тарайды. Оларды қазақ баспа үйлері ана тілімізге аударады. Бұл – қуанарлық жағдай«,- деді ол.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Басқа жаңалықтар
13-10-2026
Қазақстан әдебиеті Германиядағы ірі кітап жәрмеңкесінде таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында Frankfurter Buchmesse 2026 халықаралық кітап жәрмеңкесі өтті. Қазақстанның ұлттық стендінде 15-тен астам отандық баспаның 300-ге жуық кітабы ұсынылды. Жәрмеңкеге 30-дан астам қазақстандық баспагерлер мен әдебиет саласының өкілі қатысты.
09-10-2026
Франкфурттегі кітап жәрмеңкесінде 300-ге жуық қазақстандық кітап таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында «Frankfurter Buchmesse 2026» 78-ші халықаралық кітап жәрмеңкесі өтіп жатыр. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жәрмеңкеде үшінші жыл қатарынан Қазақстанның ұлттық стенді ұйымдастырылды.
29-09-2026
ҚазҰУ студенттеріне Ұлттық мемлекеттік кітап палатасында арнайы шеберлік сағаты өткізілді
29-09-2026
«Жылдың 10 оқырманы» жобасының жеңімпаздарына 10 млн теңгеден беріледі
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Жылдың 10 оқырманы» республикалық жобасына арналған брифинг өтті.
07-09-2026
Қазақстан халықаралық кітап байқауында тоғыз жүлделі орынға ие болды
Қазақстандық баспалар ұсынған кітаптар Минск қаласында өткен XXIII «Искусство книги – 2026» халықаралық байқауында тоғыз жүлделі орынды иеленді. Байқау нәтижесі бойынша отандық авторлардың кітаптары екі бірінші, төрт екінші және үш үшінші орынды иеленді.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2026 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ