Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Жаңалықтар / Ғазиза Құдайбергенқызы: Кітапханалардың келбеті өзгеруі керек
Ғазиза Құдайбергенқызы: Кітапханалардың келбеті өзгеруі керек
28-10-2022

Қазақстан Республикасы Үкіме­тінің №833 қаулысымен «24 қазан кітапханашылар күні» болып белгіленді. Осыған орай біз Астанадағы Ұлттық академиялық кітапхананың директоры Ғазиза Құдайбергенқызы Нұрғалиеваға хабарласып, осы атаулы күннің белгілену барысы жайлы сұрап білген едік.

– «24-қазан – кітапханашылар күні»... Үкімет неліктен осы күнге тоқталды?

–1871 жылы 24 қазанда Оралда алғашқы көпшілік кітапханасы ашылғаны белгілі. Кітапханашылар қауымдастығы осы бастаманы Үкіметке ұсынғанда да біз осы даталы күнді назарға алдық. Сонымен Үкімет «ҚР мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қаулысымен осы күнді белгіледі. Бұл көпшілік кітапханашыларының ғана емес, жалпы осы саладағы барлық кітапханашылардың мерекесі.

– Бүгінде елімізде қанша кітапхана, қанша кітапханашы бар?

– Елімізде 11 мыңға жуық кітапхана бар. Оның ішінде 4 мыңға жуығы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты республикалық, облыстық, аудандық, ауылдық көпшілік оқырман кітапханалары. Қалғандары мектеп, колледж, жоғары оқу орындарына қарасты кітапханалар. Сонымен қатар түрлі ведмостволар мен ғылыми зерттеу институттарында да кітапханалар бар. Осы кітапханаларда 20 мыңға жуық кітапханашы жұмыс істейді.

– Олардың орташа еңбекақысы қанша, әлеуметтік жағдайлары қалай?

– Кітапханашылардың орташа еңбекақысы 70-80 мың теңге көлемінде. Ұлттық академиялық кітапхана деген мәртебесі болса да, айлыққа қосымша ештеме қо­сылмайды. Біздің кітап­хана­шы­лардың тәжірибесі бар, басшылық қызметтегілердің өзі 120 мың теңге алады. Енді мұн­дай айлықпен «Отбасы» банктің бағ­дар­ла­маларымен де баспана алуға айлығы жетпейді. Бірақ біздің мамандар рухани тұрғыдан бай адамдар деп есептеймін. Айлығымыз аз деп жатқан олар жоқ. Жұмысқа қашанда құлшынып тұрады. Жалпы қоғамда соңғы жылдары кітап оқитын адамдардың саны артты. Соған сәйкес оларға қызмет көрсететін кітапханашыларға да қалаларда, аудандарда сұраныс бар. Кітапханаларда өтіп жатқан шаралардың бәрі оқыр­ман мәдениетін қалыптастыруда. Шығармашылық адамдары да соңғы кездері көптеп кітап шығаратын болды. Жылына жоқ деген де бір кітабын шығаратын ақын, жазушылар бар. Әлемдік трендке айналған кітаптарды аударып шығару үрдісі де қалыптасуда.

– Жас ұрпаққа кітап оқытудың қандай жолдарын ұсынар едіңіз?

– Жас ұрпақты кітап оқуға қызықтыру негізінен отбасынан қалыптасады. Үйінде бір кітап оқып көрмеген балаға мектепте мұғалім, болмаса кітапханашы әсер етеді дегенге сенбеймін. Әр отбасында әкесі, анасы балаға кітап оқуды үйрету керек. Кітап дүкеніне алып барып, оның өзіне ұнайтын кітапты сатып алып беру қажет. Әр бала әкесінен, шешесінен көргенін істейді. Біздер кітапханашылар өз тарапымыздан түрлі шаралар ұйымдастырып келеміз. Мәселен, кітапханада 4 оқырман клубы жұмыс істейді. Ай сайын осы клубтың әрқайсысында 40-50-ден жастар келіп, жоқ дегенде бір кітап оқып, соны өздері талдап, рухани әсерін айтып отырады. Баланы бос уақытта кітап оқуға емес, арнайы уақыт бөліп кітап оқуға үйреткен жөн. «Жас кезімізде кітап оқығанбыз» деген стереотиптен арылу қажет. Ол қазіргі ұрпаққа өтпейді. Мораль айтып емес, үлгі көрсетіп әсер еткен дұрыс.

– Еліміздің кітапханалары цифрландыру жүйесіне қаншалықты көшті?

– Ел кітапханалары цифрландыру жүйесіне әлі толық көшкен жоқ. Бірақ үлкен мегополистердегі кітапханалардың электронды катологы қалыптасты. Қазіргі таңда қазақстандық электрондық ұлттық порталдағы жұмыстар да әлі жалғасуда. Елімізде осы уақытқа дейін жарық көрген классикалық шығармалардың электрондық нұсқасын порталға орналастыру авторлық құқыққа келіп тіреледі. Бұл бағытта да жұмыстар атқарылуда. Қазір оқырман көбейді, кітапханаларды іс-шаралардың орталығына айналдыра бермей, кітапханшыларға әрбір оқырманмен жұмыс істейтін уақыт қалдыру керек. Кітапханалардың бейнесі өзгеруі керек. «Тұрғын үй кешендері көп салынып жатыр, солардың астыңғы бөлігінен шағын қалалық кітапханалар ашылса, аттап басқан жерде заманауи кітапханалар тұрса, жастар неге бармайды, неге оқымайды?» деп ойлаймын.

Кітап қорын реттеу, оқырман­дардың сұранысын қанағаттандыратын кітап қорын қалыптастыру үшін ­сауалнама, зерттеулер жасау керек. Бұрын кітапханаларда арнайы социолог мамандар жұмыс істейтін. Сол үрдіс жаңғырса, дұрыс болар еді. Кітапхананың деңгейі өткен іс-шаралармен емес, оқырманның келуі мен кітап берілуімен өлшенуі тиіс. Сосын кітапхана тек кітап беру, алу пункті емес, адам білімін жетілдіретін, әлеуе­тін арттыратын, қоғамдық қарым-қатынас жасайтын орталық болу керек.

Нұрболат АБАЙҰЛЫ,

«Ана тілі» газеті

 

Басқа жаңалықтар
20-02-2026
Қазақ әдебиеті ЗИЯЛЫ
Қазақ ұғымында көшелі істің басында жүріп, елдің тағдыршешті жұмыстарына ешкімнің нұсқауынсыз білек сыбана кірісер азаматтар «зиялы» деп танылады. Кейінгі кездері осы анықтама көп кісінің атына тіркесіп жүр. Лайым, қоғамда зиялы адамдар көп болғай. Ал, шындығында, шын зиялылар кім?!. Көзіміз көріп, еңбегін бағып жүрген бір шоғыр азаматтарды танимыз, білеміз, биіктігі мен ірілігіне сүйсінеміз  ​​​​​​​
19-02-2026
«Кітап және кітапхана ісі туралы заң»
Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы ғимаратында отандық баспалар мен кітапхана ісі мамандарының қатысуымен «Кітап және кітапхана ісі туралы заң» тақырыбында маңызды жиын өтті.
10-02-2026
«Конституциялық реформа – құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамды дамытудың негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға Баспагерлер, полиграфистер және кітап таратушылар ассоциациясы мүшелері, баспагерлер мен кітап саласының мамандары қатысты. Кездесудің басты мақсаты – елімізде ұсынылып отырған конституциялық өзгерістердің құқықтық мемлекет қалыптастырудағы рөлін талқылау және бұл реформалардың азаматтық қоғам мен шығармашылық-интеллектуалдық салаларға ықпалын саралау болды. Дөңгелек үстел аясында Салменбаева Толқын Тұрғалиқызы, ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы директор орынбасары, «Конституциялық өзгерістер» тақырыбында баяндама жасап, ұсынылып отырған жаңашылдықтардың құқықтық орта мен салалық қызметке әсері туралы жан-жақты тоқталды.
09-02-2026
Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына орай ҚазҰу журналистика факультеті студенттерімен “QUIZ”ойыны өтті
Ұйымдастырылған QUIZ ойыны — ақын мұрасын ұлықтауға, жас ұрпақтың поэзияға деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталған мазмұнды зияткерлік шара болды. Іс-шара барысында “Баспа ісі” мамандығында білім алушыларға ҚР Ұлттық кітап палатасына жұмысқа орналасу бойынша толық ақпарат берілді.
01-02-2026
Қазақстандағы конституциялық өзгерістер: университет қауымдастығының ұстанымы
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2026 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы