Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Басты бет / Жаңалықтар / Халықаралық жәрмеңке жалғасып жатыр
Халықаралық жәрмеңке жалғасып жатыр
03-11-2022

Өзбекстанда халықаралық «Tashkent Book Fest-2022» көрме-жәрмеңкесі жалғасып жатыр.

«Узэкспомарказ» кешенінде өтіп жатқан халықаралық жәрмеңкенің ашылу салтанатында Өзбекстан Президент әкімшілігі жанындағы Бұқаралық байланыс және ақпарат агенттігінің директоры Асаджон Ходжаев: «Көрмеге Армения, Беларусь, Ұлыбритания, Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Түркия секілді 9 елдің 47 жетекші баспа компаниясы мен қауымдастық қатысып жатыр. Мұның ішінде отандық 100-ден астам баспа мен полиграция компаниялары бар», - деп атап өтті.

Құрметті қонақтар ішінде ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының директоры Әділ Қойтанов, Беларусь ақпарат министрінің орынбасары Игорь Бузовский, Ресей кітап одағының президенті Сергей Степашин және Түркия кітапхана-баспа агенттігінің бас директоры Али Одабашиге сөз берілді.

Жәрмеңкенің мақсаты – кітап оқуды насихаттау, қатысушы елдердің әдеби мұрасын дамытуға қолдау білдіру, оқырмандардың мәдениетін қалыптастыру, баспа ісі саласындағы халықаралық тәжірибені үйрену жән т.б. Сондай-ақ, кітап көрмесі аясында түрлі мәденет қайраткерлерімен, автормен кездесу ұйымдастырылады.

Айта кетейік, алғашқы жәрмеңке 2019 жылы өтсе, екінші Ташкен кітап көрмесі 2020 жылы өткен болатын. Оған Белгия, Ұлябритания, Германия, Қазақстан, Израиль, Үндістан, Қырғызстан, Ресей, Түркия, Франция елдерімен қатар Өзбекстанның 30-дан астам жекеменшік және мемлекеттік баспа өкілдері қатысқан еді.

Басқа жаңалықтар
22-05-2026
Сөзден іске!
Бүгін Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырмасымен Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының мамандарына Алматы қаласынан 2 бөлмелі пәтер табысталды.
21-05-2026
Құрметті мәдениет және өнер саласының қызметкерлері!
17-05-2026
Мемлекет басшысы «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды
01-05-2026
«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына өтінім қабылдау басталды
«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына өтінім қабылдау басталды. Ұлттық әдеби сыйлық отандық қаламгерлерді қолдау және қазақ әдебиетінің дамуына ықпал ету мақсатында өткізіледі.
16-04-2026
23 сәуір — елімізде Ұлттық кітап күні ретінде аталып өтеді
23 сәуір — елімізде Ұлттық кітап күні ретінде аталып өтеді. Осы маңызды күнге орай республика көлемінде кітап оқу мәдениетін насихаттауға, рухани және зияткерлік дамуды қолдауға бағытталған ауқымды кітап апталығы ұйымдастырылып отыр
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2026 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ