Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Басты бет / Жаңалықтар / Қуат Бораш – 50 жаста!
Қуат Бораш – 50 жаста!
12-12-2022

Белгілі журналист, талантты ақын, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы Қуат Бораш – 50 жасқа толды!

Ердің жасы елуге толған Қуат Қаһарманұлы қарымды қаламгер ғана емес, ұлттық ұлы мұраты мен идеологиясын қалыптастыру жолында талай баспалдақты басып өткен білікті басшы.

Ол 1972 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1993 жылы «Қазақстан» мемлекеттік телерадио хабарларын тарату компаниясының редакторы қызметінен бастаған. 1994 жылғы мамыр-қазан айлары аралығында «Қазақстан телевизиясы мен радиосы» республикалық корпорациясының репортеры болды.

1994-1995 жылдары орта мектеп мұғалімі.

1995-1997 жылдары «Райхан-ТВ» телекомпаниясының дикторы.

1997 жылғы шілде-қыркүйек айлары аралығында «Тараз-ТВ» қалалық телеарнасының редакторы.

1997-2000 жылдары «Ақнұр» және «Азан» топтарының редакторы, жетекшісі, «Жамбыл облыстық телерадиокомпаниясы» ЖАҚ комментаторы.

2000-2003 жылдары «Қазақстан темір жолы» ЖАҚ бас маманы.

2003-2005 жылдары «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің тілшісі.

2005 жылғы ақпан-маусым аралығында — «ҚР Президентінің ТРК» ҰАҚ бөлімінің меңгерушісі.

2005-2006 жылдары «Қазақстан Республикасы Президентінің ТРК» ҰАҚ бөлім меңгерушісі.

2006 жылғы наурыз-тамыз аралығында ҚР Президенті Баспасөз қызметінің бас сарапшысы.

2006-2007 жылдары «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің шолушысы.

2007-2012 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінде түрлі қызметтер атқарған.

2012-2013 жылдары ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті төрағасының орынбасары.

2013-2017 жылдары ҚР Мемлекеттік хатшысы Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары.

2017 ж. маусым-қараша аралығында «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің бас редакторы.

2017-2019 жылдары ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы.

2019 жылы – ҚР Мемлекеттік хатшысы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары.

ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы атынан белгілі журналист, қарымды қаламгер, білікті басшы Қуат Қаһарманұлын бүгінгі мерейлі 50 жасымен шын жүректен құттықтаймыз! Ел алдында атқаратын абыройлы ісіңіз аласармасын!

Басқа жаңалықтар
01-07-2026
ҰЛТТЫҚ КІТАП ПАЛАТАСЫНА ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ АТЫНАН ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫҢ АРНАЙЫ БАСЫЛЫМЫ ТАБЫСТАЛДЫ
 Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасына Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атынан еліміздің жаңа Конституциясының арнайы басылымы салтанатты түрде табысталды.
30-06-2026
ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖӘНЕ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы» республикалық мемлекеттік мекемесі мен «М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі арасында ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойылды.
26-06-2026
Қазақстан кітапханалар одағының «Жаһандық көзқарас және тұрақты даму: кітапханалардың болашақты құрудағы рөлі» атты кезекті көшпелі отырысы
Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өткізіліп жатқан көшпелі отырыс аясында, Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының директоры Асхат Құсайынұлы Байұзақов «Кітапхана және кітап баспа ісі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша баяндама жасады.
22-06-2026
Софы Қалыбекұлы Сматаев
   ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының ұжымы көрнекті жазушы, драматург, аудармашы, қоғам қайраткері, Кітап палатасының ұзақ жылдар бойы бас директоры болған Софы Сматаевты 85 жас мерейтойымен шын жүректен құттықтайды!
22-06-2026
Кітап палатасы халықаралық кітап көрмесінде Қазақстанның баспа өнімдерін таныстырды
2026 жылғы 17–21 маусым аралығында өткен Азиядағы ең ірі халықаралық кітап форумдарының бірі – Бейжің халықаралық кітап көрмесі табысты қорытындыланды.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2026 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ