Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Басты бет / Жаңалықтар / Қуат Бораш – 50 жаста!
Қуат Бораш – 50 жаста!
12-12-2022

Белгілі журналист, талантты ақын, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы Қуат Бораш – 50 жасқа толды!

Ердің жасы елуге толған Қуат Қаһарманұлы қарымды қаламгер ғана емес, ұлттық ұлы мұраты мен идеологиясын қалыптастыру жолында талай баспалдақты басып өткен білікті басшы.

Ол 1972 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1993 жылы «Қазақстан» мемлекеттік телерадио хабарларын тарату компаниясының редакторы қызметінен бастаған. 1994 жылғы мамыр-қазан айлары аралығында «Қазақстан телевизиясы мен радиосы» республикалық корпорациясының репортеры болды.

1994-1995 жылдары – орта мектеп мұғалімі.

1995-1997 жылдары – «Райхан-ТВ» телекомпаниясының дикторы.

1997 жылғы шілде-қыркүйек айлары аралығында – «Тараз-ТВ» қалалық телеарнасының редакторы.

1997-2000 жылдары – «Ақнұр» және «Азан» топтарының редакторы, жетекшісі, «Жамбыл облыстық телерадиокомпаниясы» ЖАҚ комментаторы.

2000-2003 жылдары – «Қазақстан темір жолы» ЖАҚ бас маманы.

2003-2005 жылдары – «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің тілшісі.

2005 жылғы ақпан-маусым аралығында — «ҚР Президентінің ТРК» ҰАҚ бөлімінің меңгерушісі.

2005-2006 жылдары – «Қазақстан Республикасы Президентінің ТРК» ҰАҚ бөлім меңгерушісі.

2006 жылғы наурыз-тамыз аралығында – ҚР Президенті Баспасөз қызметінің бас сарапшысы.

2006-2007 жылдары – «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің шолушысы.

2007-2012 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігінде түрлі қызметтер атқарған.

2012-2013 жылдары – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті төрағасының орынбасары.

2013-2017 жылдары – ҚР Мемлекеттік хатшысы Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары.

2017 ж. маусым-қараша аралығында – «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің бас редакторы.

2017-2019 жылдары – ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы.

2019 жылы – ҚР Мемлекеттік хатшысы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары.

ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы атынан белгілі журналист, қарымды қаламгер, білікті басшы Қуат Қаһарманұлын бүгінгі мерейлі 50 жасымен шын жүректен құттықтаймыз! Ел алдында атқаратын абыройлы ісіңіз аласармасын!

Басқа жаңалықтар
13-10-2026
Қазақстан әдебиеті Германиядағы ірі кітап жәрмеңкесінде таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында Frankfurter Buchmesse 2026 халықаралық кітап жәрмеңкесі өтті. Қазақстанның ұлттық стендінде 15-тен астам отандық баспаның 300-ге жуық кітабы ұсынылды. Жәрмеңкеге 30-дан астам қазақстандық баспагерлер мен әдебиет саласының өкілі қатысты.
09-10-2026
Франкфурттегі кітап жәрмеңкесінде 300-ге жуық қазақстандық кітап таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында «Frankfurter Buchmesse 2026» 78-ші халықаралық кітап жәрмеңкесі өтіп жатыр. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жәрмеңкеде үшінші жыл қатарынан Қазақстанның ұлттық стенді ұйымдастырылды.
29-09-2026
ҚазҰУ студенттеріне Ұлттық мемлекеттік кітап палатасында арнайы шеберлік сағаты өткізілді
29-09-2026
«Жылдың 10 оқырманы» жобасының жеңімпаздарына 10 млн теңгеден беріледі
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Жылдың 10 оқырманы» республикалық жобасына арналған брифинг өтті.
07-09-2026
Қазақстан халықаралық кітап байқауында тоғыз жүлделі орынға ие болды
Қазақстандық баспалар ұсынған кітаптар Минск қаласында өткен XXIII «Искусство книги – 2026» халықаралық байқауында тоғыз жүлделі орынды иеленді. Байқау нәтижесі бойынша отандық авторлардың кітаптары екі бірінші, төрт екінші және үш үшінші орынды иеленді.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2026 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ