Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Басты бет / Жаңалықтар / ЖАҢА ЖЫРЛАР – ЖАҢА ЖИНАҚТА!
ЖАҢА ЖЫРЛАР – ЖАҢА ЖИНАҚТА!
22-02-2023

Ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Т. Айбергенов атындағы сыйлықтың иегері ҒАЙСА-ҒАЛИ СЕЙТАҚТЫҢ «ЖЫҒЫЛМАС ЖАЛҒЫЗ БАР ТУЫМ» атты жаңа кітабы жарық көрді. Бұл жинаққа ақынның кейінгі жылдары жазылған өлеңдері, «Әбілқайыр хан», «Сырым би» атты тарихи дастандары енгізілді. Кітап Қазақстан Жазушылар Одағы БҚО филиалында беттеліп, Орал қаласындағы «ШұғылаПринт» баспасынан басылып шықты.

Ақын өткенге көз жүгіртіп, қазақ хандары мен батырларының ерлік істерін, батыл шешімдерін жырға қосады. Ертеңі үшін алаңдап, қоғамдағы келеңсіздіктерді сынға алады. Туған жерінің табиғатын тебірене суреттеп, оқырманды Отанды сүюге шақырады. Жастарға танымал тұлғалардың бірегей болмысын үлгі етеді.

Айта кетейік, бүгінге дейін қаламгердің «Маңдай», «Аман бол, атамекенім», «Нарынның нар ұлдары», «Ай-арудың алқасы», «Тек пен тамыр», «Жақыным менің – жалпақ ел» және «Қасиет қонған қара жер» атты кітаптары жарыққа шыққан болатын. «Отаным, Орда, Оралым», «Шер-шындық», «Ерлеріменен ел мықты» атты үш бөліммен тұратын жаңа жыр жинақтың өз оқырманын тауып, көпшіліктің көңілінен шығатынына сенімдіміз.

Басқа жаңалықтар
13-10-2026
Қазақстан әдебиеті Германиядағы ірі кітап жәрмеңкесінде таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында Frankfurter Buchmesse 2026 халықаралық кітап жәрмеңкесі өтті. Қазақстанның ұлттық стендінде 15-тен астам отандық баспаның 300-ге жуық кітабы ұсынылды. Жәрмеңкеге 30-дан астам қазақстандық баспагерлер мен әдебиет саласының өкілі қатысты.
09-10-2026
Франкфурттегі кітап жәрмеңкесінде 300-ге жуық қазақстандық кітап таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында «Frankfurter Buchmesse 2026» 78-ші халықаралық кітап жәрмеңкесі өтіп жатыр. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жәрмеңкеде үшінші жыл қатарынан Қазақстанның ұлттық стенді ұйымдастырылды.
29-09-2026
ҚазҰУ студенттеріне Ұлттық мемлекеттік кітап палатасында арнайы шеберлік сағаты өткізілді
29-09-2026
«Жылдың 10 оқырманы» жобасының жеңімпаздарына 10 млн теңгеден беріледі
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Жылдың 10 оқырманы» республикалық жобасына арналған брифинг өтті.
07-09-2026
Қазақстан халықаралық кітап байқауында тоғыз жүлделі орынға ие болды
Қазақстандық баспалар ұсынған кітаптар Минск қаласында өткен XXIII «Искусство книги – 2026» халықаралық байқауында тоғыз жүлделі орынды иеленді. Байқау нәтижесі бойынша отандық авторлардың кітаптары екі бірінші, төрт екінші және үш үшінші орынды иеленді.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2026 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ