Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй. 8 (727) 397-61-15
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Басты бет / Жаңалықтар / «Әсем көріністі өлке» кітабы қазақ тілінде жарық көрді
«Әсем көріністі өлке» кітабы қазақ тілінде жарық көрді
28-02-2023

Алматы қаласында «Бір белдеу, бір жол» бастамасының 10 жылдығы және қытай мәдіни күні аясында қытай жазушысы Ван Мэннің қазақ тіліне аударылған «Әсем көріністі өлке» атты кітабының тұсаукесері өтті. Шараны Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті шығыстану факультетінің қытайтану кафедрасы мен «Шығыс әдебиеті» баспа компаниясы ұйымдастырды.

Кітаптың тұсаукесеріне Алматыдағы Қытай Бас консулдығының өкілдері, белгілі қаламгерлер, студенттер, қытайтанушы мамандар, қытай және қазақстандық БАҚ өкілдері қатысты.

«Әсем көріністі өлке» кітабы жазушы Ван Мэннің 1960-1970 жылдары Шыңжаңдағы ауылдық жерге жіберіліп, жұмыс істегенк езіне жазған романы. Романда ауыл адамдарының тұрмысын суреттеудің шеберіне айналған жазушы оларды әр түрлі образдарда бейнелей отырып, адамдардың өзара қарым-қатынасын, қарама-қайшылыққа толы мінездерін шиееністі оқиғалар арқылы ширатып отырады.

Кітап таныстырылымының ең бір ұтымды тұсы, кездесу барысында жазушы Ван Мэн онлайн байланысқа шығып, қазақша сөз сөйледі.

Ал шара барысында сөз алған ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының директоры Әділ Қойтанов мұндай мәдени байланыстың маңызды тұстарына тоқталды. Оның айтуынша, пандемияға байланысты Қытай мен Қазақстан арасындағы мәдени байланыс баяулап қалғанымен қазір осы үрдіс қайта жанданып келеді.

«Осы ретте аударма мәселесіне басты назар аударуымыз қажет. Енді қазақ авторларының туындыларын қытай тіліне аударып, миллардтаған оқырманға жол тартатын кез жетті » дейді ол.

Басқа жаңалықтар
13-10-2026
Қазақстан әдебиеті Германиядағы ірі кітап жәрмеңкесінде таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында Frankfurter Buchmesse 2026 халықаралық кітап жәрмеңкесі өтті. Қазақстанның ұлттық стендінде 15-тен астам отандық баспаның 300-ге жуық кітабы ұсынылды. Жәрмеңкеге 30-дан астам қазақстандық баспагерлер мен әдебиет саласының өкілі қатысты.
09-10-2026
Франкфурттегі кітап жәрмеңкесінде 300-ге жуық қазақстандық кітап таныстырылды
7-11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында «Frankfurter Buchmesse 2026» 78-ші халықаралық кітап жәрмеңкесі өтіп жатыр. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жәрмеңкеде үшінші жыл қатарынан Қазақстанның ұлттық стенді ұйымдастырылды.
29-09-2026
ҚазҰУ студенттеріне Ұлттық мемлекеттік кітап палатасында арнайы шеберлік сағаты өткізілді
29-09-2026
«Жылдың 10 оқырманы» жобасының жеңімпаздарына 10 млн теңгеден беріледі
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Жылдың 10 оқырманы» республикалық жобасына арналған брифинг өтті.
07-09-2026
Қазақстан халықаралық кітап байқауында тоғыз жүлделі орынға ие болды
Қазақстандық баспалар ұсынған кітаптар Минск қаласында өткен XXIII «Искусство книги – 2026» халықаралық байқауында тоғыз жүлделі орынды иеленді. Байқау нәтижесі бойынша отандық авторлардың кітаптары екі бірінші, төрт екінші және үш үшінші орынды иеленді.
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76 үй
© 2026 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІНІҢ "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ